Журналистика факульетінде (№230 Т. Қожакеев атындағы акт залында) баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтті.
Ашық есік күніне республикалық мектеп, гимназия және лицей оқушылары, сондай-ақ осы шараның ақпараттық қолдаушы БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында мектеп оқушыларына арналған «Жас репортер» ең үздік видеосюжеттер, аудиорепортаждар мен фотоэтюдтер мен инкографикаға байқауы; «Журналист болғың келе ме?» ең үздік эсселер мен мақалаларғашығармашылық байқауының ережелері таныстырылды.
Индустриялық революция – интеллектуалды құндылықтарды дамыту, байыту бағытындағы инновациялық серпінді бастамалар. Бұл күні осы бастамаларды жүзеге асыруда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ең үздік жоғары мектеп моделін» қалыптастыру жолында академиялық саясатын жарияланымдауға бағытталған «Мобильді репортер» жобасының алғашқы қадамы – жас талапткерлерге бағытталды.
Табиғат Төлегентегі,
Досжан Балабекұлы (фото)
; «Журналист болғың келе ме?» байкауы жәйлі қай жерден білуге болады?