Елін сүйген ер ғана жанкешті ерлікке барады.Елін сүйген ер ғана «күндіз күлкіні, түнде ұйқыны» тәрк етіп,қара басынан қалың жұрттың қамын биік қояды.Міне, осындай елі сүйген, елін сүйген Елбасымыздың бары – алты алаштың басына қонған бақыттың бақыты!Мемлекет басқарудың өзіндік мектебін қалыптастыра алған, әлем қауымдастығы мойындаған кемеңгер Елбасына айналған Нұрсұлтан Әбішұлы Еуразия кіндігінде ұлты мен ұлысы сүттей ұйыған қазақ елінің көк байрағын көкке көтерген көсемі.
Ұлы даланың қасиетіне бас иген Нұрсұлтан Әбішұлы – елім деп еміреніп, ұлтым деп ұлы іс атқарып, халқын көрегенділікпен өрге сүйреп келе жатқан көшбасшымызбен мақтанамыз.
Халқымызда: «Бір үйде неше жан болса да,берекесі біреуінде болады» деген сөз бар.Олай болса, Қазақстанымыздың берекесі –тәуелсіз елімнің алғашқы Президентінде.
Елім болды көшбасшы,
Ел алдында беделді.
Нұрсұлтандай Елбасы
Кейінгі ұрпақ үлгі алшы.
Тәуелсіздік – киелі ең,
Асығың тұрсын тек алшы!
Ендеше, Елдің құты – Елбасы! Ешқашан құтымыз қашпасын!
Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ