ҚазҰУ-дың журналистика факультеті және «Әлем» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен «Сонарға сіңбес соңғы көш» атты кездесу болып өтті. Кездесуге факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы бастаған аталмыш білім ордасының ұстаздары мен студенттері қатысты. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, өлеңдер оқылды. Кеш барысы жазушы ағамыздың шығармашылығы жайында басталып,әдеби ортаның қазіргі ахуалына ойысып,әдебиетке табан тіреген жастарға біраз ақыл кеңестер айтылды. Биыл бір жыл толған әдеби бірлестік өз жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Кездесу соңында жазушы ағамыз кітаптарына қолтаңба жазып,естелік суреттерге түсті.