Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Алтын күз» мерекелік байқауы өтті

jurfak Қараша 23, 2013 0
«Алтын күз» мерекелік байқауы өтті

Журналистика факультетінде 20-қараша күні 1-курстар арасында «Алтын күз» мерекелік байқауы болып өтті. Байқаужігері жалындаған  жастардың уақытынын  текке өткізбеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсем ән, күмбірлеген  күй, мың бұралған би әлемімен қауыштыру мақсатында өтті.

АКБайқауға қатысқан 4 жұп таныстыру, өнерлерін көрсету, дефиле, вальс, видео-сюжет, газет шығару номанациялары бойынша бас сынасты. Әділ-қазылар алқасының құрамында белгілі өнер жұлдызы Аша Матай, университеттік «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі Ақан Марғұлан, баспасөз электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі  Гүлмира Сұлтанбаева, Студенттер сенатының төраға орынбасары Тойлыбаева Аида, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «актерлік шеберлік» мамандығының студенті, жас актер Мадияр Ерғалиұлы болды. Байқауды ұйымдастырып, кештің көпке айымкөз бойлына ұйытқы болған баспасөз және элеткронды БАҚ кафедрасының аға эдвайзері –  Әйгерім Әлімжан.

Байқауға қатысушылар көп дайындықпен келгендігі көрермен қауымның ыстық ықыласынан аңғарылып отырды. Байқаудың гран-при иегері Нұржан Нұрбек, Омарова Сәнім Ыстықкөлге жолдама алды. Бірінші орынды Төлеген Берікбол, Байғожина Жансая, екінші орынды Нұрлыбаев Диас, Мұрат Қорлан, үшінші орын Жанғабылов Еркін, Аман Анель иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау студент-жастардың шығармашылық шеберлігін шыңдап, болашақта өз биіктеріне көтерілуге септігін тигізетіні кәміл.

Журналистика факультеті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field