Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

SOPA Award Winners Forum және азиялық журналистика: бүгіні, дамуы, болашағы

jurfak Қараша 12, 2013 0

Биылғы жылғы Азия журналистер қауымының жеңімпаздары форумы журналистік зерттеу тақырыбына арналды.1982 жылы негізі қаланған ұйымның бас кеңсесі Гонконгта орналасқан журналистика саласындағы жергілікті, аймақтық БАҚ-тағы ең озық тәжірибелерді қолдау саналады. Азиядағы журналистиканың дамуы бағыттарын жобалайтын ұйымның дәстүрге айналған SOPA сыйлығы бар. Гонконг 1
Қоғамда әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік әділеттіліктің орнын ерекше, әсіресе, бұл форумның журналистика саласында білім алып жүрген студенттер үшін өзекті пікірсайыс және диалог алаңы екендігі рас.
Форумға журналистік үздік зерттеулері үшін SOPA сыйлығының иегерлері атанғанBloomberg News тілшісі Майкл Форстайн, The New York Times тілшісі Томас Фуллер, Ming Pao Гонконг саяси-экономикалық басылымы зерттеу бөлімінің редакторы Эрнест Чи, Камбоджалық The Phnom Penh Post газетінің ұлттық шолушы редакторы Мая Титхара, Financial Times газеті Пекин Бюросының Бас редакторы Джамиль Андерлини қатысып, Азия БАҚ дамуында журналистік зерттеулердің қоғам өміріне, азаматтардың өміріне ықпалын, қиындығы мен жауапкершілігі жайлы өзіндік ойларын, бастан кешкен оқиғаларын ортаға салды.
Форум модераторы Джуди Кларк Азия және Америка журналистикасы арасында 20 жылдан бері журналистік зерттеулер жүргізуде тәжірибе алмасу, ортақ пікірлесу алаңы қалыптасқандығын атап өтті. Журналистік зерттеу адам құқын қорғауда, жемқорлыққа, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы құрал. Журналистер қиындықтарға қажымастан, зерттеулерін жалғастырып қоймастан, жеке басын қауіп-қатерге тігіп отырғаны рас.
Мәселен, осы форумға Камбоджадан келген журналист М. Титхара өз елінде орманды кесіп, заңсыз сатумен айналысқан компанияның қылмысын тәркілеген зерттеулерімен танылып қоймастан, өлімнен аман қалды. Жасыл желекті орман алқабы экологиялық жағынан бағалы болып қоймастан камбоджалық халықтың күнкөріс, нәпақасы, өмір сүретін ортасы. Билік тарапынан қысым көрген Маяның зерттеулеріі қоғамда әлеуетті толқын, әлеуметтік серпіліс тудырғаны рас. Маяның журналист досы мұндай қысымға шыдамастан кәсібімен қоштасқан.
Bloomberg News тілшісі М. Форстайн камбоджалық әріптесіне қарағанда қысым көрмесе де журналистік зерттеулер сапарында қиындықтар мен қатерлердің болуы заңды дейді. Майкл өз жұмысында әлеуметтік желілерді жиі пайдаланып, фотосуреттерді көптеп жүктейді. Әлеуметтік медианың ықпалы мен пәрменділігі жоғары екендігі даусыз. Бұған Оңтүстік Африка Республикасында журналистік сапарлармен жиі барған Майкл жануарларды заңсыз аулаудан қорғау мақсатында желіде жариялаған зерттеулері, фотосуреттері дәлел. Мәселе, піл сүйегімен не жолбарыс терісімен әуестенетін аңшылардың бет-келбеті Facebook не Twitter арқылы тез тарап , әлемнің көптеген елдерінде қоғамдық қолдау тапқаны бар.
Financial Times газетінің Пекин бюросының басшысы, редакторы Дж. Андерлини зерттеу жүргізу барысында жан-жақтан қысым болатыны заңды да дейді. Ақпарат алуға тыйым салу, баспасөз-конференциясы барысындағы конверттегі тапсырыстар, шетелдік журналистердің визасын мерзім сайын ұзартудағы қиындықтар… Міне, бұның бәрі Джамильдің журналистік тәжірибесіне тән оқиғалар. Британиялық журналист Қытайға алғаш келген жылдары жер сілкінісі апатынан соң оқиға орнынан келгенде жергілікті билік өкілдері жазуға тыйым салып, камерасын тартып алғанда есіне түскені прьемер-министрге қоңырау шалу болды. Үкімет басшысынан қолдау күткен, ақпарат алуға толық құқылымын деген жас журналист оқиға орнынан кет деген жауап естиді. Джамильдің айтуынша, журалист зерттеуді аса көптеген ақпаратпен, деректермен жұмыс бастайды, жинайды, өндіреді, тексереді… Міне, бұл тоқтамайтын процесс.
Э.Чи Гонконг сияқты қалада зерттеу жүргізетін журналистерге кедергі көп болатыны заңды да дейді. Мәселен, гонконгтық сыйлы да атақты отбасы әулеті туралы зерттеу жазу керек болса, ең қиыны сол. Ал егер әңгіме құрылыс компаниясы туралы болса жағдай одан да қиындай түседі. Гонконг қаласында құрылыс жүргізіп жатқан компанияға қарсы көптеген деректер бола тұра, сол деректерді дәлелдеуге арнайы тікұшақ жалдап тұрған сәтінде редакцияға қысым көрсетіліп, зерттеу тоқтылған. Яғни алып ғимараттарды салатын құрылыс компанияларын да зерттеуге тұрарлық күмәнді тұстары жетерлік.
Форумда талқыланған тақырып журналистік зерттеу жүргізуде интернеттің алатын орны, қажеттігі болды. Гонконг 2Маяның айтуынша, камбоджалық басылымдар көбінде жаңалықтарды интернетке жариялаумен шектеледі. Ең маңызды, оқиғалық репортаждар, зерттеулер газетке жарияланады.The New York Times басылымының тілшісі Т. Фуллердің ойынша, интернет, соның ішінде әлеуметтік желілілер қоғамдық пікірді басқарады, жаулайды. Бірақ бұл қаншалықтысенімді? Міне, сұрақты осыдан бастау керек. Әлеуметтік медиа көп жағдайда адамдарға деген жеккөрініш сезімін тудырады. Радикалдық қозғалыстарды, жағымсыз қарым-қатынастарды туындатады.
Financial Times-тық Джамиль: «Газет, қағаз түрінде басылым сақталады. Оны қолға ұстауға, оқуға, тіпті иіскеп алуға, түртіп қарауға болады. Сол үшін де қағаз басылым оқырманға құнды. Дегенмен Financial Times электронды түрде көп тарайды. Веб-сайтқа қаржыаз кетеді, тиімді. Ал қағаз басылымға шығын қашан да көп кетеді.
Bloomberg News-тік Майкл журналистікқызметінде әріптестеріндей аса көп қысым көрмесе де, газет тарихында қиын кезеңдер болғанын айтады. Мәселен, өткен жылдары газет түрлі тарихи оқиғаларды жариялауда қиындықтар болды. Дегенмен әр басылымның өзіндік моделі болуы тиіс.
The New York Times –тық Томастың айтуынша, интернет әрқашан он-лайн режимде жұмыс істеуге, әр уақыт жұмыс ережесін сақтауға тәрбиелейді дейді.
Биылғы азиялық журналистер форумында сондай-ақ зерттеулері үшін сот алдында жауапқа тартылуы, журналистің өзін де, жазған материалын да ақпараттық қауіпсіздігін қамтасыз ету жолдары, деректерді сақтау көздері, жарнама мен аудитория арасындағы байланыс, ақпараттың шынайылығы, туралығы, дереккөздер, статистикалық мәліметтерді ірктеу жолдары, желідегі әңгімелерден тақырып іздеу… Міне, әр тараптағы, түрлі тақырыптағы ойлар мен көзқарастар түйіскен форумның мақсаты да ортақ пікірсайыс алаңын қалыптастыру болатын. Журналистік зерттеулер жүргізетін тілшілер мен редакторлардың тәжірибесін талқылау, ортаға салу, ой бөлісу болатын. Азиялық журналистер қауымы жеңімпаздары журналистік зерттеулер жүргізудің болашағы алда деген тоқтамға келді. Журналист қаламынан туындаған зерттеулер қоғамда айтаралықтай резонанс тудыратынытарих дәлелдеген. Журналистер қиындыққа, қатерге, қауіпке қарамастан зерттеулерін адамзат өркендеуіне, рухани құндылықтардың тозбауына арнайды деген сенімде.

Гүлмира Сұлтанбаева

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field