Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Әкім студенттермен және спортшылармен кездесті

jurfak Қараша 8, 2013 0
Әкім студенттермен және спортшылармен кездесті

12-қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте ШҚО әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың шығысқазақстандық студенттермен және спортшылармен кездесуі өтті.                                                     [Leila]7925 Мақсаты: Алматы қаласында білім алып жатқан жерлес-студенттерге қамқорлық көрсетумен қатар, туған өлкелеріне жұмысқа орналасуға шақыру. Биыл бұл шараның өткізіліп жатқанына екінші жыл. Шығыс Қазақстан облысының мектептерін бітіріп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ең үздік 250 студент кездесуге қатысты. Шараның басталуына дейін вакансиялардың шағын жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алғашқы боп сөзді ұлттық педагогикалық университеттің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев бастады. Кездесуді Шығыс өлкесінің тумасы, белгілі ақын, тележүргізуші Қалқаман Саринмен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 4-курс студенті Айғаным Алипова жүргізді. Шығыс өлкесінен шыққан танымал адамдар қонақ ретінде шақырылды. Олардың қатарында  техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры   Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов, Қазақстанның педагогикалық ғылым Академиясының Төрағасы Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, Ұлттық ақпараттық орталықтың президенті Нұрғалиева Гүл Құмашқызы қатысты. Сонымен қатар білім беру, мәдениет, спорт салаларының үздік өкілдері Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, “Қазақстан барысы – 2013” атағының иегері Айбек Нұғымаров та қатысты. Шығыс Қазақстан облысының ірі өндірістік кәсіпорындарының, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бар. Ал кездесудің басты кейіпкерлері – оқу озаттары, белсенді жастар, түрлі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері болған студенттер. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі талантты жастарды қолдауға көп көңіл бөледі.

Бүгінгі кездесу осының тағы бір дәлелі

Айғаным Алипова, Журналистика факультетінің 4-курс студенті: – Облысымызда бастау алып жатқан жаңа жобалар мен тың идеялардың барлығы облыс әкімінің басшылығымен табысты іске асып жатыр. Бердібек Мәшбекұлы Бізге, жастарға көңіл бөліп, мектептегі және студенттік шақтардағы ғана емес, кәсіби қызметтері кезінде де тағдырларына қамқорлық жасап жүретінін біліп, біз қадір тұтамыз. Осындай Алматыға іссапары 2013-10-12-0889кезінде дарынды жастармен кездесіп, олардың көкейтесті мәселелерін біліп, азаматтық қамқорлық танытып келеді. “”Ерім “дейтін елің болмаса, “елім” дейтін ерің қайдан шықсын” дейді. Міне сол себептен болар бұл кездесуден кейін барлық менің замандас, жерлес-достарым үлкен әсермен қайтты. Бұл кездесудің нәтижесі, шешімі бар. Ондағы айтылған дүниелер жай ғана айтыла салмады. Тіпті сол сәтте жүзеге асып жатты. Мәселен, резюмелерін арқалап келген жастар, өз өлкелеріне қызметке тұрып жатты. Жастардың туған жерлерінде емін-еркін жұмыс істеп, дамытуға зор үлес қосу үшін жағдай жасалып жатты. Сыйлықтар үлестіріліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге Облыс әкімінің арнайы сыйлығы тарту етілді. Кездесу соңында жерлестер мәре-сәре боп асханаға қарай жол тартты. Ондағы дастархан шырайлы шығыстың халқындай мол, кең болды. “Мың сіз-бізден, бір шыж-быж артық” демекші, жерлестер бір шүйіркелесіп, бір дастархан басында жақынырақ танысып, етене араласа бастады. Алдын-ала сауалнама алынған болатын, сонда жазылған электронды адрестері бойынша, байланыс үзілмегенін көрдік. Қысқасы мен жерлестеріммен мақтанамын. “Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан болғанға” не жетсін… Шығысқазақстандықтардың бас қосуы мұнымен аяқталған жоқ. Кездесуден соң, сағат түскі 3-те Ұлттық кітапханада Мұрат Әуезов, Бибігүл Төлегенова бастаған бірқатар зиялы қауыммен кездесу өтті. Кешкі сағат 6-да Абай атындағы опера және балет театрында Роза Рымбаева, Майра Ілиясова, Толқын Забирова бастаған әнші-жерлестеріміздің қатысуымен концерт өтті. Қорыта айтқанда, сол күнгі Алматы қаласында ауа райының күрт салқындап кеткеніне қарамастан, жерлестеріміз мәре-сәре боп бас қосты. Ауа райының бұлайынан өзгеруі Шығыс өлкесінің салқын климатынан  жерлестеріміз келгендіктен болар…) Әрине, қалжың) Ең бастысы бір-бірімізге деген көңілдеріміз суымасын. Әрдайым осындай ауыз толтырып айтатын игі шаралар толастамасын! Шыныменде Шығыс жұрты зиялы, мәдениетті… Мен жерлестеріммен мақтанамын! Рахмет!

Кездесудің барысы тым ресми, тым жаттанды емес. Емін еркін түрде, яғни қазіргі тілмен айтқанда ток-шоу түрінде өткізілді. Келген қонақтар мен студенттер арасында тікелей қарым-қатынас орнатылды. Студенттерге танымдық сұрақтар қойылса, студенттерде қалыс қалмай өз ойларын айтып, сұрақтарын қойып, нанымды, толыққанды жауаптарын алып жатты. Тіпті студенттер арасында конкурс жарияланды дейді, Шығыс Қазақстан білім басқармасы бастығының орынбасары Айжан Ерханқызы Садықова. – Яғни конкурстың мақсаты – жастарды инновациялық шығармашылыққа ынталандырып, Шығыс Қазақстан кәсіпорындарының грантына қол жеткізу. Мүмкін сол жоба арқылы белгілі кәсіпорыннан өз орындарын тауып, келген жерлес-қонақтар сияқты талай жетістікке жетіп, ел мақтанышына айналсын деген үміттен, сенімнен туған, –  деп өз ойын  жеткізді Айжан Ерханқызы.                                                                                                    

                                                                                                                                                                                           Жадыра АҚҚАЙЫР

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field