Бүгін, алтыншы қараша күні Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультетінің дәлізінде (фойесінде) қалалық фотокөрме өтті. Көрмеде елімізге танымал, айтулы фотографтардың жұмыстары жұртқа көрсетілді. Жүнісбек Пайызовтың «Академик, геолог Қаныш Сәтбаев», « Әлкей Марғұлан оқушылар арасында», Рысқали Дүйсенғалиев «Әскерден қайтқан солдат»(1955), Петр Редьконың «Революционер ақын Сәкен Сейфуллин»(1936) , «Болашақ Елбасы Назарбаев», Сайлау Пернебаевтың «Екі ғасыр куәгері 123 жастағы әже шөпшегімен», «Ақын Мұхтар Шаханов»(1968) , Сияз Бәсібеков «Жазушы Бердібек Соқбақбаев», Қайрат Мұстафиннің «Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов немересімен», « КСРО халық әртісі, тұңғыш қазақ кинорежиссері Шәкен Айманов түсірілім алаңыда» , Рахымбай Ханалы «Үш мәрте социалистік еңбек ері Д. Қонаев», тағы басқа жұмыстар қойылды. Бірақ аса ерекше, тебірентерлік жұмыстың авторы белгісіз екен. «Жас алаш» мұрағатынан алынған бұл фотосурет «Өткен жылдар елесі.Шежіре» деп аталады екен. Фотосуреттер түгелімен ақ- қара гаммада түсірілген. Суреттерді көріп байқау құрметіне келген қонақтар, айтулы журналистер, университет оқытушылары мен студенттері ие болды.
Көрмені ұйымдастырған ҚазҰУ, «BankRBK» « Өнер 21 ғасыр» баспасы . Сондай- ақ шараға қаржылай көмек берген ақпараттық демеушілер де бар. Олар: Қазақстан телеарнасы, «Қазақ радиосы», « Алаш айнасы», «Алматы ақшамы», «Астана ақшамы».
Ақерке НҰРБЕКОВА
Журналистика факультеті,
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс кафедрасы,
1-курс студенті