2013 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы Орталығы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Мінбер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілді журналистік білім беруді жетілдіру және БАҚ-тың кәсіби мамандарының әлеуетін көтеру жөнінде «Қазақстанда журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өтеді.Бұл 2010 жылдан бері ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ және серіктестерінің академиялық білім беру мекемелері базасында медиаиндустрия өкілдерінің қатысуымен өткізіп келе жатқан маңызды шаралардың бірі. Дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренингке 75 адам, одан 15 жоғары оқу орындары мен 11 – өңірлік оқу орындарынан және баспасөз, телевидение, радио, онлайн журналистиканың кәсіби мамандары, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 230 ауд., факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қарлыға Нақысбекқызы Мысаева. Жұмыс тел. 3773334 (ішкі 1352), моб. 87013257274, эл-пошта: myssayeva.kn@gmail.com. |