Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Өмірхан Әбдиманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

jurfak Қараша 2, 2013 5
Өмірхан Әбдиманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті                              журналистика факультетінің деканы,                                                  филология ғылымдарының докторы, профессор.

Басты мақсат – бәсеке қабілетті маман журналистер дайындау

Қазіргі кезеңде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті оқыту жүйесіндегі тәжірибелер Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру саласындағы айқындалған бағыттар мен нақтыланған міндеттер негізге алынған жаңашыл өзгерістерге сүйене отырып жүзеге асырылып жатыр.

ҚазҰУ-дің журналистика факультеті Республикадағы нағыз кәсіби журналистерді дайындап шығаратын бірден-бір оқу орны.  Басқа да жоғары оқу орындарында да журналистик мамандар дайындалатындығы рас және біреу емес, бірнешеу. Олардан біздің факультеттің төрт басты ерекшелігі бар деп білемін.

Біріншіден басқа жоғары оқу орындарында масс-медиа мамандарын дайындайтын өз алдына жеке факультет жоқ, журналистика өзге мамандықтармен біріктіріліп, немесе басқа мамандық факультетінің кафедра деңгейінде қалып қойған.

Екіншіден, біздің факультет – 80 жылға таяу тарихы бар, қазақ руханиятының сонау алаш арыстарынан бастап небір алыптары  дәріс оқып, маман дайындаудың ғылыми-әдістемелік дәстүрі мен бай тәжірибесін қалыптастырған оқу орны.

Үшіншіден, Қазақстандағы журналистер дайындаудағы материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талаптарына толығынан жауап беретін бірден-бір оқу орны біздің факультет деп нық сеніммен айтуға болады.

Төртіншіден, Қазақстандағы журналистика саласындағы ғылыми-зерттеу мектебін қалыптастырған ҚазҰУ-дің журналистика факультеті. Мұнда қазақ журналистикасы мен әлем журналистикасы тарихын зерттеудің кезінде профессор Қалижан Бекхожин негізін қалаған, бүгінде ҚР журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев жалғастырып, дамытып отырған  ғылыми мектебі қалыптасқан. Журналистикасының теориясын зерттеу мектебін профессор Тауман Амандосов қалыптырса, қазіргі заман журналистикасын зерттеуді алғышарттарын жасап, оны өнегелі мектепке айналдырған прфессор Темірбек Қожакеев. Теле-Радиожурналистика зерттеу ілімінің әлемдік деңгейдегі ірі ғалым, профессор М.Барманкулов негізін қалады.

Бұл күнде жоғары да аты аталған ғалымдар қалыптастырған мектептер өз бағыт-бағдарын жаңа заман талабына сай жаңғыртып, жаңартып одан әрі дамыту үстінде. Бүгінде факультетте кеңейтілген үш кафедра, теле-радио комплекс жұмыс істесе, онда онда көптеген ұлағатты ұстаздар, көрнекті ғалымдар еңбек етіп, дәстүрді жаңаша дамытып келеді.

Білім алам, журналист болам деген талапкерге бізде бар жағдай жасалған, олар ертеңіне нық сеніммен қарап, Қазақ ұлттық университеті сынды қасиетті қарашаңырақтан білім алып шыққан азамат ретінде өз отаны тәуелсіз Қазақстан, өркениетті қоғам, болашақ үшін еңбек етем десе, біздің факультетте білім алғаны жөн. Өрелі ортадан шыққан шын талант қашанда биіктерге самғайды. Ал талантқа қашан да қаламгерлік кеңістікте өріс кең екендігі бесенеден белгілі.

Қазір кезеңде факультет құрамына үш кафедра кіреді:

  1. Баспасөз және электрондық БАҚ (кафедра меңгерушісі: с.ғ.д., профессор Сұлтанбаева Гүлмира Серикбайқызы).
  2.  Юнеско, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс(кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., прфессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы)
  3. Баспа ісі және дизайн (кафедра меңгерушісі: к.ф.н., доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы)

Жалпы білім беру мен бәсекеге қабілетті маман дайындаудың алға шарты оқытушы мен үйретушіге тығыз байланысты дейтін болсақ, бүгінгі күнде  факультетте 13-ғылым-докторы, 30-дан аса ғылым кандидаты еңбек етеді. Cтуденттерді оқытуға бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, баспа басшылары жұмылдырылып, басқа да тәжірибелі журналист-практиктер белгі дәрежеде қатынасып келеді.

Ендігі бір өзекті мәселе студенттерді дағдыландыру мен маман құзіреттілігін арттыру, шеберлікке баулу болып табылады. Ол, әрине, ең алдымен   іс-тәжірибе, яғни практикадан өту арқылы жүзеге асады. Жоғарыда аталған БАҚ өкілдері студенттердің ғылыми және тәжірибелік жұмыстарына да жетекшілік етеді. Бізде көптеген басылымдар және баспа орындарымен келісім шарттар бар.

Мәселен Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы БАҚ тарихы, теориясы, шеберлік мәселелері мен журналистік кәсіби дағдыныны қалыптастыруда жалпы және элективті курстар негізінде білім беріп, тәжірибе ұсартады.  Олардың студенттері мен магистранттары «Қазақ газеттері»  ЖШС (Ж. Кенжалин),  «Нұрмедиа( ЖШС (Е, Байжанов), «Жас өркен» (Ж. Қорғасбек), Алматы телеканалы (А. Олжай)  іргелі бұқаралық ақпараттық қауымдастықтармен арадағы келісім-шарт негізінде тығыз байланыс жасап отырады. Жалпы журналистика мамандығы бойынша 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарымен келісім шарт жасалса, Біздің студенттер 1курстан бастап практикалық тәжірибесін аталмыш орындарда, келісімшарттар бойынша  өткізуде.

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедралары, пәндік сабақтар өткізумен бірге «Бакалавриаттағы кредиттік жүйе технологиясы», «Модульдік жүйе және пәнаралық байланыстар», «Оқытудың активтік тәсілдері» т.б. тақырыптар бойынша әдістемелік семинарлар ұйымдастырып келеді.

Кафедра оқытушылары дәріс және семинар сабақтарында оқытудың дәстүрлі және белсенді әдістерін (дебаттар, диспуттар, конференциялар, SWOT-талдау жүргізу), Power Point форматында дәрістер оқу, электрондық оқулықтарды, компьютерлерді, инновациялық технологияларды қолдану, оқытудың инновациялық әдістері болып табылатын «дөңгелек үстел», «үш сатылы  интервью», «іскерлік ойындар» т.б. қолданады. PR саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сыныптары тұрақты өткізіледі. Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша 40 таяу баспасөз клубтары, мелекеттік мекемелер мен кәсіп орындар баспасөз қызметі мен ЖШС баспасөз орталықтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен келісім шарт жасалған.

Баспа ісі және дизайн  мамандығы бойынша студенттерге білім беру 1998 жылы “0616 шифрымен” елімізде тұңғыш рет дүниеге келді. Осы уақытқа дейін аралықта оқыту мен тәжірбені жетілдіру жолында біршама оңтайлы істер жүзеге асырылды. Баспа ісі мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды; Дизайн мамандығы бойынша оқу шеберханасы ашылды; Баспа дизайны бойынша жыл сайын Республикалық болашақ-баспагер байқауы ұйымдастырылады. Ай сайын баспа күнін ұйымдастыру қарастырылған. Жыл сайын баспагер-полиграфистермен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. «Қазақпарат», «Атамұра» корпорацияларымен, «Ана  тілі, «Мектеп, «Білім», т.б. баспаларымен келісім-шарт орнатылған. Студенттетер іс-тәжірибелерін осы баспаларда және «Қазақ универсиеті» баспасында өтеді. Кафедра осы күнгі арнаулы жабдықтармен жабдықталған, дамыған ақпараттық техникалық базасы («Қазақ Университеті» баспасы), жеткілікті дәрісханалық қоры бар.

Студенттерінің теле-радио журналистерді дайындаудың негізгі тәжірибелік-лаборатоиялық орны ҚазҰУ Теле-радиокешені. Оның негізгі қызмет атқарылымы студенттердің оқу – машықтану дәрісімен тікелей байланысты. Факультетте 647 – дей студент журналистика мамандығына оқылатынын басшылыққа алсақ, олардың түгелге дерлігі телеақпарат жасау, жаңалықтар топтамасын әзірлеу, эфирлік бағдарламаны жоспарлау, телехабар,  деректі фильм, публицистикалық теледәуір  туындыларын бейнетаспаға түсіру, компьютерде өңдеу, кадр сыртындағы мәтінді оқу, эфирге шығу сынды  жалпы журналистикаға  тән кәсіби біліктілікке  бағытталған талап деңгейіндегі оқу-үйрену үрдісімен айналысады. Соның ішінде арнайы Теле-радио журналистика бойынша курстық білім алатын студенттер телерадиостудия  қызметінен бастап, құрылымдық дәрежесіне дейінгі мамандану ісіне жұмылдырылады. Яғни, телехабар, радиохабар  студенттердің өз жоспар, жоба, сценарий үлгілері бойынша әзірленіп, студенттер қалашығында  эфирге шығарылып отырады.

Білім беру мен мандар дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік көмекші құралдар. Бізде жеткілікті дәрежеде оқулықтар мен оқу құралдары бар.

Бүгінде әлемдік деңгейдегі оқыту мен маман дайындау шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыссыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл да басты мәселенің бірі. Сондықтан да шет елдік байланыс және акедемиялық ұтқырлыққа біз баса назар аударып отырмыз. Соңғы үш жылда факультетте 30-дан астам шет елдік профессор, ғалымдар дәріс оқыды.

Факультетте қазіргі кезде АҚШ-тың Колумбия университеті, Оклахома Мемлекеттік университеті, Огайо университеті және Вайоминг университетімен, Польшаның А. Мицкеевич атындағы университеті  және Н. Коперник атындағы Торунь университімен, Түркияның Стамбул, Ресейдің Санкт-Петербург, М.В. Ломоносов ат. Москва мемлекеттік университетімен келісім шарттар жасалып, тығыз байланыс орнатылуда. Келесі  жылы Польшаның А. Мицкеевич атындағы университеті  және Н. Коперник атындағы Торунь, Түркияның Стамбул, Ресейдің Санкт-Петербург, М.В. Ломоносов ат. Москва мемлекеттік университеттерін іс-тәжірибе шараларын ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жатыр.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультеттің 20-дан астам студенті АҚШ, Польша, Түркия, Испания, Португалия елдерінде бір семестр білім алды. Сонымен қатар, факультеттің 40 магистранты АҚШ, Польша, Ресей, Оңтүстік Корея, Португалия,  Испания, Түркия елдерінде 2 ай көлемінде ғылыми тәжірибеден өтті. Факультетте 2011-2012 оқу жылында үш оқытушы АҚШ және Польша елдерінде Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 2012 жылғы маусым-шілде айларында Вайоминг университетінде 4 магистрант ғылыми біліктілігін жетілдірсе, 1 оқытушы 2013 жылғы қаңтар-ақпан айларында Колумбия университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Сонымен қоса, факультетте шетелдік ғалымдар, кәсіби мамандар, танымал журналистермен дистанциондық дәрістер, бейне конференциялар тұрақты түрде өткізіледі. Студенттердің жаңа медиа жайлы білімін жетілдіру мақсатында АҚШ-тың осы саладағы білікті мамандарымен ай сайын вебинар жүргізілуде.

2013 жылы 7-12 шілде аралығында Гонконг универсиетінің 10 магистранты екі оқытушысымен  бізге келіп, біздің студент, магитранттармен  журналистика және коммунксация бойынша жазға мектеп дәрістерін өтеді. Болашақта Огайо университетінің Халықаралық журналистика институтымен бірге студенттерге арналған жазғы мектеп ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынуда.

Факультетте шетелдік ғалымдардың ұзақ мерзімге келуі де қарастырылған, мысалы, 2013 жылдың 18 наурыздан бастап 7 апта көлемінде Вайоминг университетінің профессоры, Лос АнжелесТаймс газетінің журналисі Джордж Гладней лекция оқып, сабақ жүргізіп кетті. Одан соң екі апталыққа  Стамбул университеті ректорының кеңесшісі, профессор Хаяти Тьюфекчеоглу, Огайо университетінің профессоры АҚШ Халықаралық журналистика университетінің директоры Юсуф Калианго, Польшаның Коперник университетнің профессоры Ивона Маасаки т.б. дәріс оқуға келді.  Келергі оқу жылында 3 студенттің АҚШ-тың Вайоминг университетіне және 4 студенттің Польшаның А.Мицкеевич атындағы университетіне  күзгі семестрге оқуға баруына байланысты келісімшарттар жасалуда. 2012-2013 оқу жылында факультеттің 4 оқытушысы АҚШ, Польша, Ұлыбританияда  Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуде. Польшаның А. Мицкеевич атындағы Познань  және Н. Коперник атындағы Торунь университетерімен, Огайо университетімен екі дипломдық жүйе бойынша студент алмасу мәселелері қарастырылып жатыр.

Факультетте ғылыми зертеу саласы бойынша ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 3 іргелі қолданбалы жобасы бар. Жоба жетекшілері: проф. Ахметова Л.С., проф. Әбдиманұлы Ө., проф. Сұлтанбаева Г.С. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалым оқытушылар белсене араласады. Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар тұрақты өткізіледі, жас ғалымдар үйірмелері жұмыс істейді.

Журналистерді даярлаудағы инновациялық модель бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің басты стратегиялық мақсатына саналды.  Сондықтан журналистика,  қоғаммен байланыс, баспа ісі және дизайн мамандықтары бойынша білім берудегі стратегиялық дамуы 3 бағытта  жүзеге асуы тиіс: Білім беру, Ғылыми-зерттеу жұмыстары, Өндіріс. Осылардың тікелей байланысы арқылы бәсекеге қабілетті, білікті де білімді мамандарды даярлау. Қазақстандық БАҚ нарығының бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы – білікті де кәсіби медиаменеджерлер жүйесі қалыптасуы керек. Мультимедиалық сыныптарды заманауи ақпараттық технологиялық бағдарламамен қатмасыз ету, университеттің Интернет-сыныптары базасында оқу-тәжірибелік мультимедиалық журналист зертханасын ашукүн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің журналистика және дизайн мамандықтарына талапкерлердің құжаттары 20-маусым мен 1 шілденің арасында қабылданады. Талапкерлер 1-10 шілденің арасында шығармашылық емтихан тапсырады. Өзге мамандықтарға түсушілердің құжаттары 30 шілдеге дейін қабылданады.

Жалпы журналистика мамандарын дайындау Халықаралық стандартқа, Болон үдерісіне сай түрде, отандық журналистика дайындаудың ерекшеліктеріне ескере отырып жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы бағыттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті оқыту жүйесіндегі оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, типтік оқу жоспарларына енгізілетін  уақыт талабынан туындаған жаңартпалы-технологиялық өзгерістерде, ең алдымен,  кәсіби мамандар дайындаудағы мамандық құзіреттілігіне  айрықша көңіл бөлмек. Бұл біздің факультеттегі оқу жүйесі жаңаша бағыт алып, шын мәніндегі өз ісіне сай мамандар дайындауға бет бұрыс жасайтындығының айқын көрінісі болып табылады.

Қорыта айтқанда, журналистика мамандығын дайындау ол мамандықтың қоғамдық-әлеуметтік орны мен өзіндік ерекшелігіне сай жүргізілгенде ғана, заман талабына сай тәуелсіз елдің болашақ болмысын айқындайтын рухы биік, білігі мол маман дайындай аламыз.

MAIN GOAL – TO PRODUCE COMPETITIVE JOURNALISTS

Omirhan Abdimanuly,
Dean of the Faculty of Journalism

Al- Farabi Kazakh National University,
Doctor of Philology, Professor



Currently, the Faculty of Journalism Kazakh National University. Al- Farabi works based on innovation, indicated in the Letter Head of the State Nursultan Nazarbayev «Strategy «Kazakhstan – 2050».

Address by the President of the Republic of Kazakhstan, Leader of the Nation, N.Nazarbayev «Strategy «Kazakhstan- 2050»: new political course of the established state “.

We are proud of our achievements. First, it is – the oldest in the country department, which trains professional journalists for 80 years. Second, there was lectured prominent Alash, accumulated a wealth of experience in teaching work. Thirdly, the Treasury has a modern material and technical base and publishing, which is the foundation for the training of competent and competitive professionals. Fourth, it is here that there was a national research school in the field of journalism. In Kazakhstan and abroad know the names of the masters of journalism Kalizhan Bekhozhin, Temirbek Kozhakeev , Marat Barmankulov .

The Faculty has three chairs, TV and radio complex, which employ experienced teachers, well-known scientists, authors of textbooks and monographs. Head of the department – Ph.D. Sultanbaeva G.S., Shyngysova N.T., Medeubek S.M.  At the faculty give student’s knowledge of 13 doctors, more than 30 candidates.

Signed contracts with well-known national television corporations and news agencies. Since the 1st year, students undergo practical training . The training process uses modern technology, video conferencing, etc.

Faculty in recent years, attended by a large number of foreign professors from the United States, Poland, Turkey and Russia. According to academic mobility, 40 graduate faculties were trained in foreign universities.

An innovative model of training journalists in al-Farabi KazNU is a strategic goal of our work. The three main areas of work – it’s: education, scientific research and implementation. All of them will be the focus of the message of the President of the “Strategy» Kazakhstan -2050 “.

5 Пікір »

  1. Марал Қараша 1, 2013 at 7:28 тк - Жауап

    Керемет жазылған екен ағай!

  2. Нурлыайым Данаева Қаңтар 29, 2014 at 7:57 тд - Жауап

    \\\Факультетте ғылыми зертеу саласы бойынша ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 3 іргелі қолданбалы жобасы бар. Жоба жетекшілері: проф. Ахметова Л.С., проф. Әбдиманұлы Ө., проф. Сұлтанбаева Г.С. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалым оқытушылар белсене араласады. \\\
    Осы жобаларға қатысқым келеді…

  3. Гульмира Қаңтар 10, 2016 at 10:08 тд - Жауап

    Мен журналист болғфм келеді. Сіздерге оқуға түсе алам ба? Қандай шарттар бар!?

  4. Айганым Ақпан 8, 2016 at 4:33 тк - Жауап

    Баспа иси жане дизайн кафедрасына тусу ушин кандай пан тандау керек? Физика тандау керек пе?

  5. Ергул Сәуір 18, 2019 at 8:16 тд - Жауап

    Салеметсизбе!..
    Мен осы университетке журналистика факултетине туским келеди.Кандай документер керек.Мен колледж 2 жыл бурын битиргем.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field