Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қарлыға Мысаева, Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті

jurfak Қазан 12, 2013 1
Қарлыға Мысаева, Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті

– Осы уақытқа дейін журналистиканы біріміз ғылым, енді біріміз ғылым санатына қоспай келеміз. Сіздің ойыңызша журналистиканы неге жатқызуға болады?

– Журналистика ғылым санатына кіре ме, жоқ па деген сауалға жауап берместен бұрын, ең алдымен ғылым дегеніміз не деген сауалға жауап іздейік. Ғылым дегеніміз —  шындыққа қол жеткізу мақсатында ғалымның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы,  білім алуға бағытталған рухани кызметі. Осы тұрғыдан алғанда,  қоғамдық пікір қалыптастыруға, кез-келген жаңалық, оқиғаға түсінік беруге және әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие ақпарат құралдарының яғни баспасөз, телевидение, радио, Интернет және әлеуметтік желілердің қызметін зерттеу журналистиканың еншісінде. Сондықтан, журналистика – ғылым деп толық айта аламыз. Алайда, жалпы журналистика ғылымының кандидаты немесе докторы деген дәреже жоқ. Тіптен шетелдердің өзінде, мысалы АҚШ-та журналистика саласы бойынша қорғалатын ғылыми еңбектерге Коммуникация, Бұқаралық коммуникация ғылымдары немесе Философия ғылымдарының магистрі немесе докторы деген атақ беріледі. Басты себептің бірі – журналистиканың зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері, күтілетін нәтижелерінің гуманитарлық және әлеуметтік салаға кіретін әлеуметтану, саясаттану, филология, философия,  т.б. ғылымдармен тығыз байланыстылығында. Өткен жылы тамыз айында Америкадағы журналистердің жыл сайынғы өткізілетін ең үлкен халықаралық ғылыми конференциясына (Association for Education in Journalism and Mass Communication) қатысу барысында журналистика ғылымында әлі бізде зерттелмеген тақырыптардың баршылық екеніне көз жеткіздім. Сондықтан журналистика терең зерттеулерді қажет ететін ғылым саласының бірі.

–  Болашақ журналистер дайындайтын ҚазҰУ-дың журналистика факультеті қаншама журналист дайындаған қасиетті қарашаңырақ екендігі сөзсіз. Биыл факультетке қанша студент өтініш білдіріп, факультке қабылданды? Мемлекеттік грантты қанша студент иеленді? Факультеттің биылғы өмірі жайлы аз-кем айта өтсеңіз?

– Жалпы сексен жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің республикамыздағы журналист мамандарын  дайындаудағы орны айрықша. Осы уақыт аралығында журналистика факультетінен 20 мыңнан астам түлек бітіріп шықса, солардың басым көпшілігі қоғам қайраткерлері, танымал тұлға, кәсіби  журналист. Солардың ізін басқандар саны биылғы жылы 132 студентке  толықты. Олардың 46-сы мемлекеттік грант иелері және 86 студент ақылы бөлімге оқуға қабылданды. Жалпы, бірінші курсқа мемлекеттік грант бойынша түскендер қатарында 7 Алтын белгі иесі, 4 олимпиада жеңімпазы және 2 үздік аттестат иелері бар. Бұл санмен қатар сапаның да барлығын білдірсе керек. Журналистика факультетінің өзгелерден басты ерекшелігі – шығармашылыққа бейімділігінде. Факультетте жаңадан оқуға қабылданған студенттердің барлығы дерлік мерзімді баспасөзде, радио, телевидениеде материалдары жарық көрген, жеке шығармалары бойынша кітаптарын шығарған және журналист болуды  бала кезден армандап келген жалынды жастар. Сондықтан алғашқы қадамдарын бағамдай келе, болашақ журналистиканың нағыз жүйріктері жарыс қатарына қосылды деп ойлаймын.

Ал, жалпы факультет өміріне келер болсақ, қазіргі кезде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында тәжірибелі журналистердің шеберлік сыныптары санын арттыруды көздеп отырмыз. Екінші, өзекті мәселенің бірі – студенттердің шетел тілдерін меңгеруі, осыған байланысты АҚШ, Еуропа елдерінің оқытушы-ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, он-лайн курстар, семинарлар ұйымдастыруды қолға алудамыз. Үшіншіден, студенттердің заманауи технологияны жете меңгеруіне назар аударылуда және Интернет журналистика тереңдетіп оқытылуда. Төртіншіден, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алуына көптеген мүмкіндіктер жасалуда.

 –   Жас журналистердің бет алысы қалай?

Журналистика – өте қызықты мамандық. Басқа мамандықтармен салыстырғанда бұл жастардың тез танылуына, қоғамда өз орынын табуға мүмкіндігі мол кәсіп. Факультет студенттері  алғашқы курстардан бастап-ақ ақпарат құралдарында өндірістік тәжірибеден өтіп, ары қарай сол ортада жұмыс істеуге шақырылып жатады. Сонымен қатар, қазір көптеген студенттеріміз  жаңа медианы яғни интернет журналистиканы жақсы меңгеруде, сол арқылы оқуына кедергі келтірмей, сабақтан бос уақыттарында Интернет сайттарда және әлеуметтік желілерде шығармашылықтарын шыңдауда.

Тағы бір қуанарлығы жастардың ғылымға деген қызығушылығы артуда. Мысалы, былтырғы жылы университеттің студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық «Ғылым әлемі» конференциясына факультеттен 200-ден артық студент, магистранттар қатысты. Әр түрлі тақырыптарда зерттеулер жүргізіп, өздерінің ғылымға бейімділіктерін таныта білді. Десек те, бір байқағаным, біздің кейбір жоғары курс студенттерінің өзі әлі күнге дейін оқытушыларының кеңесінен аса алмай жатады. Мысалы, конференция аяқталғаннан кейін бір студенттен конференцияға қатысу себебі туралы сұрағанымда, ол маған ғылыми жетекшім берген тақырып бойынша қатыстым, енді ары қарай қандай ақпараттар қосу қажеттігін апайымнан сұраймын деді. Менің есіме бір газеттен оқыған мына бір әңгіме түсті: «Хайуанаттар бағының жанынан өтіп бара жатқан бір адам, жіңішке шынжырмен арқандалып тұрған еңгезердей  пілдерді көріп таң қалыпты, содан бақтың қожайынына келіп, ана үлкен пілді қатттырақ бір тартса үзіліп кетердей шынжырмен байлағандарыңыз не, ол үзіліп кетсе мына келушілердің өміріне қауіпті емес пе деп сұрапты. Сонда бақтың қожайыны «Жоқ» деп жауап берген екен, «қалайша?» деген сауалға ол: бұл пілдерді  мен бала кезінен үйреттім, сол алғаш келген кезінде осындай шынжырмен байланды, олар ары тартып көрді, бері тартты, үзілмейтінін білді. Қазір олар есейген, керемет күштің иесі болса да сол баяғы алғашқы үйретілген тәрбиемен шынжырды үзілмейді деп ойлайды»,- деген екен.  Сол айтпақшы біздің кейбір жастарымыз үйде ата-ананың ақыл-кеңесімен, кейіннен ұстаздарының кеңесімен өмір сүруге дағдыланып алады. Өкінішке орай, солайша, қоғамда өзіндік ойы мен идеясынан гөрі өзгеге еліктеуші, өзгенің кеңесіне көп құлақ түретін жастарымыз көптеп кездеседі. Айтпағым, жастар ата-анасының немесе ұстаздың кеңесін тыңдамасын деген ой емес, керісінше, сол ақыл-кеңестерден қорытынды шығарумен қатар, өмірден маған не керек деген сауалды өздеріне қойып, соған іштей болса да жауап тапқандары дұрыс.

 –  Сіз шет елде біліміңізді желтілдіріп келген білгір, білімді мамансыз. Шынайы бір

мамандықтың майталман маманы болу үшін шет елден білім алу қажеттілік деп санайсыз ба?

– Әрине, дамыған мемлекеттердің озық тәжірибелеріне көз салсақ қай салада болмасын үйретері бар. Сондықтан біздің жастарымыздың ғаламдастыру талабына сәйкес бәсекеге қабілетті маман болуы үшін отандық біліммен сусындауымен қатар, шет елдерде білімдерін дамытқаны, шет тілдерін үйренгені дұрыс деп есептеймін. Егер тарихқа көз жүгіртсек, ұлы ғұламалар кем дегенде жеті елдің тілін біл, жеті жұрттан білім үйрен деп уағыз айтқан. Яғни шетелдерде білімдерін жетілдіріп келген жастарымыз – егемен еліміздің дамыған алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына  не қажет деген сауалға, өзі білім-ғылым үйренген елінің тәжірибесімен салыстыра отырып, үлес қосуға тырысады. Сондықтан жастардың шетелдерге көбірек шыққаны, ғылым-білім үйренгені сөзсіз қажеттілік.

 – Шет мемлекеттердегі журналистика саласының қарқыны қандай?? Олардың бізден нендей артықшылығы бар? Несімен бізден оза шауып,  бәйге алып жатыр?

– Жалпы әлем журналистикасының даму бағытына көз жүгіртсек, ақпарат айдынында ірі трансұлттық компаниялардың және Интернет журналистика, соның ішінде әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы артуда. Бізден артықшылығы қандай дегенге келер болсақ, менің ойымша кез-келген журналиске барлық мүмкіндіктің жасалуы деп айтар едім. Мәселен, АҚШ-тағы ғылыми тағылымдама кезінде CNN, NPR, Voice of America, New York Times т.б. Огайо, Оклахома штаттарының жергілікті ақпарат құралдарында болдым. Сонда байқағаным, біздің телеарналардағыдай операторды немесе көлікті күтуге уақыт жұмсалмайды, кез-келген журналист өзі оператор, өзі журналист, өзі жүргізуші болып қызмет атқара береді. Бұл ақпараттың сапалы, әрі жедел берілуіне жасалған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Тағы бір бізден озық тұрған тұсы қоғамдағы журналистік зерттеудің  пәрменділігі. Сонымен қатар, салалық журналистика жақсы дамыған. Ең бастысы, ақпараттық ғасырдың басты талабы – еркін ақпарат алмасу және азаматтық қоғамды дамытуға қызмет етеді.

– Өзге мемлекетте журналистика саласында білім алу қандай дәрежеде?

– Журналистика саласында білім берудегі басты айырмашылық – жаңа технологияны пайдалануда деп ойлаймын. Мен болған АҚШ-тағы журналистика мектептері толығымен Apple компаниясының соңғы өнімдерімен және журналиске қажетті барлық бағдарламалармен жабдықталған. Кітапханаларда студенттерге уақытша пайдалануға ноутбуктер беріледі. Бұлардың барлығы материалдық қамтамасыз ету болса, ал оқу үдерісінде оқытылатын  әрбір пәннің арнайы оқулығы болады. Сонымен қоса, ол оқулықтар мен оқу құралдары жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. Екіншіден, жұмыс берушілермен яғни ақпарат құралдары, Ассоциациялар, ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді және студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне үлкен маңыз беріледі. Үшіншіден, қашықтықтан оқыту немесе онлайн білім беру өте қарқынды дамуда.

 – Журналистика біздің ойша әр елдің өз менталитетіне байланысты жүзеге асатын секілді. Себебі біздегі мәдениет, олардыкімен үйлеспейді емес пе? Сол себепті біз тек шет елдіктерден тек теориялық түсініктері мен инновациялық жаңашылдықтарын үйренуіміз ғана қажет шығар. Сіздің ойыңызша бұл қалай?

– Кез-келген мемлекеттің даму бағыты, стратегиясы, идеологиясы, өзіндік ерекшеліктері бар екені даусыз. Әдетте, журналист мамандығының елге немесе менталитке бөлінбейтін ортақ қызметі бар, ол – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету, шындықты жеткізу, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қазіргі ғаламдастыру үдерісі мен  Интернеттің қарқынды дамуы нәтижесінде мемлекеттер арасында ақпарат таратуда шекара жоқ. Сондықтан біз дамыған шет мемлекеттерден тек теориялық білім мен инновациялық, технологиялық жаңалықтарды ғана үйреніп қоймай, тәжірибелік құндылықтарды да үйренуге тиіспіз. Әсіресе жаңа медианың даму көшінен қалып қоймауды ойлауымыз керек. Сонымен қатар, ең маңызды мәселе – еліміздің  ақпараттық қауіпсіздігіне назар аударған жөн.

 – Өзіңіз дәріс беретін факультет студенттерін шет елден білім жинап қайтуға шақырасыз ба?  Немесе университет тарапынани қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?

– Әрине, факультет студенттерінің шет елдерде білімдерін жетілдіруін, ғылыми және кәсіби біліктілігін арттыруын толықтай қолдаймын. Былтырғы оқу жылының өзінде жиырмадан астам бакалавриат студенттері және қырыққа жуық магистрант Испания, Португалия, Польша, Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінде оқып немесе ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Биылғы оқу жылында осы бағдарлама бойынша 10 студент Португалия, Латвия, Түркия елдерінде білім алуда. Жалпы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы ҚР Білім жәнек ғылым министрлігінің қаржылай қолдау көрсетіп отырған бағдарламасы. Университет тарапынан осы бағдарламаның жүзеге асуына барлық мүмкіндіктер жасалуда.

–   Қазақ журналистикасының бүгіні қандай?

–   Қазақ журналистикасының бүгіні нағыз қарқынды даму кезеңінде. Ертеңі бұдан да зор болатынына толық сенімдімін.

–          Сұхбатыңызға рахмет!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ. Balabekuly93@mail7ru, kazuniver-gazeti@mail.ru

87772341264

Бір пікір »

  1. Ақтоты Қараша 12, 2014 at 6:20 тд - Жауап

    Мен қазір 10- шы сынып оқушысымын.Болашақта шетелге шығатын журналист болғым келеді және шетелде оқығым келеді.Алдымен ҰБТ-дан аман -есен өтіп,Қазақ Ұлттық Университетінің студенті болғым келеді.Ал шетелге шығу үшін шетелдің қандай оқу орындарында оқу керек?
    Және алдымен міндетті түрде ҚазҰуды бітіру керек пе ,әлде шет елде жалғасытыруға болма ма?

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field