Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде Қазақстан Әлеуметтанушылар ассоциациясының вице-президенті, дарынды ғалым, педагог, ұстаз, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ-нің үздік ұстазы, Ахмет Байтұрсынов конкурсындағы «үздік автор», Стамбул университетінің профессоры, ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасыынң профессоры Кеңес Үмбетжанұлы Биекенов 80 жасқа толды.
Мерейтойға философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, Қазақстан социологтар ассоциациясының атқарушы директоры З. Шаукенова, социология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш. Жаманбалаева арнайы келіп, құттықтады.
«К.Ү. Биекнов – таңданарлықтай үйлесімді, өз ісіне және қызметіне адалдығымен, қайтпастығымен, зиялылығымен, ұқыптылығымен және мәлениетімен ерекше тұлға. Еңбектегі, шығармашылық жолы келер ұрпаққа, жастарға үлгі боларлықтай.Отандық ғылымға оның білімі, талапшылдығы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары», – деді құттықтау сөзінде проректор Шолпан Жаманбалаева.
Университеттің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, социология ғылымдарының докторы, Г. Әбдірайымова «К.Ү. Биекенов және Қазақстандағы әлеуметтік ойлардың дамуы» тақырыбында баяндама оқыды.
К.Ү. Биекенов ірі және атақты ғалым ретінде жылдар бойы белсенді азаматтық бағытты ұстанды. 40 жыл бойы қазақстандық ғылым және жоғары білім беру жолында шаршаусыз қызмет етіп келеді. Ғалымның болашақ әлеуметтанушы-мамандары – студенттерді, магистранттарды және докторанттарды дайындаумен және тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бүгінде әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әдіснамалық секциясын басқарады және білім беру үдерісінің көркеюіне аянбай еңбек етуде.