1 маусым 30 иамыз 2013 жыл
Сіз ауылға хат жазып көрдіңіз бе? Ауылға сәлем жолдағыңыз келе ме? Ендеше Сізге мүмкіндік туды.
2013 жылы 19 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі қолдауымен: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы жұмысын бастайды.
Осы шараның аясында 1 маусым 30 тамыз аралығында «Ауылға хат» ақпараттық науқаны арқылы республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған хат жолдай аласыздар. Ең үздік хаттар топтамасы арнайы баспасөз-конференциясында аталады, жауапты тұлғаларға табыс етіледі. Біздің мекен-жайымыз:
050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71. Журналистика факультеті, 225 каб Тел. +7 (727) 377-33-30 (1351); Факс +7 (727) 377-35-14.
Ғаламтордағы мекен-жайымыз:
intelligent.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде хат қалдыра аласыздар:
Осы ақпаратқа пікір ретінде де хат жіберсеңіздер болады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді.
2013 жылы 19 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынымақтастық келісім аясында аталған жобаны ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы ақпараттық қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы ел арасында зерттеулер жүргізуге аттанады.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған студенттік экспедиция 2 кезеңді қамтиды.
2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығын қамтитын бірінші кезеңінде «Елден елге» акциясы аясында студенттік ғылыми экспедиция еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізеді.
Ғылыми жорықтың екінші кезеңінде 2013 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігіне орай «Рухани қазына» ғылыми зерттеулер жинағы жарық көреді.
Аталған шара аясында жас ғалымдар:
1) «Қазақстан азаматының интеллектуалдық құндылықтарының семиотика-символикалық» атласына қажетті материалдар жинақтайды;
2) Интеллектуалдық қоғам азаматы қалыптасуына бағытталған әлеуметтік жобалауға бағытталған гуманитарлық технологияларды зерттейді;
3) БҰҰ-ның Мыңжылдықтар Даму Мақсатына енетін «Қазақстан 2015 жылдан кейін» проблемасы бойынша Қазақстан азаматтарының қоғамдық пікірін зерттейді.
Сонымен қатар, ғылыми жорық барысында басты оқиға орын алмақ. Ол – 2013 жылы 1-14 маусым аралығында өтетін ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ауылға хат» ақпараттық науқаны. Аталмыш шара арқылы республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ең үздік хаттар топтамасы» баспасөз-конференциясында аталып, сондай-ақ өңірлердегі құзіретті ұйымдарға табыс етіледі.
Қосымша ақпарат үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 225 каб., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
тел.: комм. +7(727) 3773334 ішкі 13-51; факс: +7(727) 3773514 моб: +77011527488; эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru
веб-сайт: intelligent.kz – «Интеллектуалды ұлт» гуманитарлық зерттеулер орталығы.