әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Дублин университеті Тринити колледжінің өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуге Тринити колледжінен халықаралық әріптестік бойынша проректор, профессор Джейн Олмейер және физика кафедрасының профессоры Игорь Васильевич Швец қатысса, ҚазҰУ тарапынан университет басшылығы қатысты.
Кездесу барысында екі университеттің осы жылға дейінгі атқарған істері, жеткен жетістіктері сөз болды. Джейн Олмейер алдағы уақытта ҚазҰУ-мен қарым-қатынасты жақсартып, тәжірибе алмасуды ұсынса, Игорь Васильевич «Болашақ» бағдарламасы арқылы Тринити колледжінде білім алып жүрген қазақ жастарының сәлемін жеткізді. Олар қазір Игорь Швецтің жетекшілігімен физика саласында зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оқу бітірісімен Қазақстанға келіп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосатынын айтты. Сөз соңында университет ректоры Ғ.М.Мұтанов алдағы уақытта физика факультетінің студенттері бакалавариат, магистратура, докторонтурада Тринити колледжінде білім ала алатындығын айтты.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі