Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» атты университеттік сериямен «Көпжасар Нәрібайұлы» атты кітап шықты. Кітапта К. Нәрібаевтың өмірбаяны, басылымдары, фотосуреттері және қызметтестерінің, достарының, шәкірттерінің пікірлері жазылған. Ол жалпы оқырмандарға, ғылым-білім саласындағы қызметкерлер мен студенттерге де арналған.
Көпжасар Нәрібаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері ретінде танымал. Ол бірнеше Ғылыми академияның халықаралық мүшесі, 300 ғылыми жұмыстар жазды, оның ішінде 30-ы оқулықтар мен оқу құралдары.
Ғалымның 75-жылдығына арналған жиында құттықтау сөзімен университет ректоры академик Ғалым Мұтанов: «Көпжасар Нәрібаев ғылымның дамуы мен университеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты. 10 жылдық еңбегінің ішінде университет көптеген жетістіктерге жетті, Ұлттық жоғарғы оқу орны статусына ие болып, әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидың атын алды», – деді.
Ректор академикты мерейтойымен құттықтап, оған денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі. ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен, Көпжасар Нәрібаевты оның ғылым мен білім саласындағы еңбегі үшін «әл-Фараби» алтын алқасымен марапаттады.
Көпжасар Нәрібаев «туған оқу орнымның қабырғасында ыстық ықыласпен және құрметпен қабылдағандарыңызға рахмет. Мен үшін ҚазҰУ – менің өмірімнің өте қызықты әрі ардақты кезеңі. Осы шыққан кітапқа өз үлестерін қосқан азаматтарға, баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді.
ҚазҰУ-дың белгілі тұлғалары туралы жазылған университеттік «Өнегелі өмір» атты сериямен кітап шығаруға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ұсыныс білдіріп, қолға алынған болатын. Кітаптың алғашқы таралымдары Ө. Жолдасбеков, М. Барманқұлов, О. Сүлейменов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, С. Зиманов, Т. Амандосов, К. Смаилов, Ә. Нұршайықов және т.б. белгілі тұлғаларға арналған болатын.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі