Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай кітап жинағының тұсаукесері өтеді

jurfak Маусым 8, 2013 0

5 маусым 2013 жылы сағат 11:00-де (ректорат, 15-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты университеттік кітап жинағының тұсаукесері өтеді.

Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев 1938ж. 3 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1960 ж. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітіріп, кейін кандидаттық диссертациясын қорғап, Алматы халық шаруашылығы институтына көп жылдар бойы аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарды. Мәскеуде экономика ғылымдары бойынша докторлық диссертация қорғап, 2жыл өткен сон (1980 ж.) профессор атағын алды. 1983-1986 жж. Қазақ КСР жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің орынбасары болып, Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі экономиялық реформалар жөніндегі Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары қызметкерінде болды.

1991 ж. Киров атындағы ҚазМУ ректоры болып тағайындалды. 10 жыл бойы осы қызметін атқара жүріп, университет ұжымының, ұстаздардың, студенттердің жұмыстарын жақсарту үшін университеттің басты механизмдерін жаңартты.

Бүгінгі күнде Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халықаралық ғылымдарының академигі, жоғарғы мектеп бірлестірушісі, әйгілі педагог, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танымал. 300 ғылыми жұмыстардың авторы, 30-ға жуық кітап, оқулықтар және оқу құралдары бар.

Қазақстанның белгілі тұлғалары туралы жазылған «Өнегелі өмір» атты университеттік кітап жинағына ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов ұсыныс білдірді. Алғашында кітап таралымдары О.Жолдасбеков, М.Барманқұлов, О.Сүлейменов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Зиманов, Т.Амандосов, К.Смаилов, А.Нұршайықов және т.б. белгілі тұлғаларға арналған болатын.

 

 

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

 

В КазНУ состоится презентация книги, посвященной 75-летию академика К.Нарибаева

5 июня 2013 г. в 11:00 ч. в КазНУ им. аль-Фараби (ректорат, 15 этаж) состоится презентация книги из университетской серии «Өнегелі Өмір», посвящённой 75-летию академика К.Нарибаева.

  Kопжасар Нарибаев известен как доктор экономических наук, профессор, академик Национальный Академии Наук РК, крупный организатор высшей школы, известный педагог, общественный и государственный деятель РК. Является действительным членом нескольких международных зарубежных Академий наук. Опубликовал 300 научных работ, из них 30 книг и монографий, 15 брошюр.

Издание книг университетской серии «Өнегелі өмір» о жизнедеятельности выдающихся личностей Казахстана было инициировано ректором КазНУ Г.Мутановым. Ранее выпуски были посвящены О.Джолдасбекову, М.Барманкулову, О.Сулейменову, З.Кабдолову, Т.Какишеву, С.Зиманову, Т.Амандосову, К.Смаилову, А.Нуршаихову и многим известным людям.

Пресс-служба КазНУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Балалар күні тойланды

«1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 30 мамырдан бастап тойланды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет ұжымының балалары арасында Спорт кешеннің шахмат клубында шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалпы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.

 10 жасқа дейінгі балалар арасынан Абылай Ахметжан– бірінші орынға, Данияр Нукушев– екінші орынға және Элеонора Қабылбекова– үшінші орынға қол жеткізді. 12 жасқа дейінгі балалар ішінде Томирис Нұрғазы– бірініші орын, Ескендір Асанқұлов– екінші орын, Едіге Керімбаев үшінші орын алды.

Және 14 жасқа дейінгі балалар арасында Аян Орынбай– бірінші, Азамат Асанқұлов– екінші, Маралхан Маханов– үшінші орындарға ие болды.

 Бұл жарыстың бас төрешісі Анатолий Носков (спорт шебері): «Бүгінгі осы жарысқа барлық бүлдіршіндер жақсы дайындалып, жеңімпаз боламыз деп үміт артып келді. Балалар өзара бәсекелестікке қарамастан ойын өте қызықты әрі тартысты өтті», – деді. Жеңіске қол жеткізген балалар «Парасат» кәсіподағының атынан мақтау қағаздары мен және түрлі сый-сияпатпен марапатталды. Жыл сайын балалар мерекесін атап өту университет қабырғасында дәстүрге ұласып келеді. 1 маусым күні – Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындауниверситет ұжымының балаларына арналған мерекелік концерт өткізілді. Сахнада «Улыбка» эстрада театры өз өнерлерін көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт аяқталған соң бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар «Парасат» кәсіподағының атынан сыйлық беріліп, студенттер сарайының алдында лоторея ойнатылды. Бұл лотореяға ата-аналар концертке кіру билеттерін лототронға салып, көптеген жүлделерге ие болды. Бас жүлдені Маржан Дәулетова – планшет, Айжан Яковцук – «Табаған» кешеніне жолдама және Алтаева Тоғжан – смартфон ұтып алды. Сонымен қатар тағы да басқа балаларға сый-сыяпат тарту етілді. Ата-аналар да осындай үлкен дейгейде университет басшылығы мен ұйымдастырушы «Парасат» кәсіподағына балаларға қуаныш сыйлап, оларға деген құрметін білдіргендеріне шексіз алғыстарын білдіріп, өз ризашылықтарын айтты. Бұл күні ешбір бала сыйлықсыз қалған жоқ, арнайы ұйымдастырылған концерт, лотерея ойындары бәрі кішкентай бүлдіршіндер үшін жасалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field