Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

jurfak Мамыр 21, 2013 0
БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

Өтетін уақыты: 2013 жылы 18 сәуір  сағат 10.00

Өтетін орны:  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті № 230 Т. Қожакеев атындағы Акт залы.

Студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Ғылым әлемі» халықаралық конференциясы  күндері   «Жас тілшілер» атты І Қожакеев оқулары  аясында ғылыми форум өтеді.  Ғылыми форумда ең үздік студенттік ғылыми жұмысқа, публицистік шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жобаларына байқау жеңімпаздарының жұмыстары таныстырылымы өтеді.

Байқау жеңімпаздарына қазақ  журналистикасы дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеев атындағы арнайы стипендия тағайындалып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, шығармашылық ойларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқау міндеттері – алдағы уақытта Қожакеев оқуларын өткізуді дәстүрге айналдыру, ғалым-профессордың өмірін, ғылыми қызметін, қайраткерлігін, ұстаздық тұлғасын академиялық ортада, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өтеді:

–  Ең үздік ғылыми жоба;

–  Ең үздік публицистика;

–  Ең үздік сатиралық туынды;

–  Т. Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба.

Қосымша ақпарат: Темірбек Қожакеұлы Қожакеев  17 желтоқсан 1926 жылы  Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Қожакеев Қазақстан Жоғары мектебі ҒА-ның академиясы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Т. Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеп, негізін қалаған ғалым. Ол – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі 200-ден астам мақала мен көркем-публицистикалық очерк, фельетондардың авторы. Қожакеев өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті болған. «Сатира негіздері», «Жыл құстары», «Сара сөздің сардарлары», «Мерейлі Меркі», «Керімсал кент» (Е.Сауранбаевпен бірге) және т.б. кітаптарын, сондай-ақ журналист болсам деп армандаған  жас өрендерге арнап «Жас тілшілер серігін» жазған ғалым-ұстаз. Көрнекті профессордың 7 томдық ғылыми еңбектері жинағы баспадан жарық көрді.

 

Ақпарат үшін: 

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

тел.: комм. 377 33 38 ішкі 13-51; моб: +77011527488

эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field