Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Дағдарыс айналып өтпеді

Шарипа Нуржанова Шілде 15, 2020 0

       Әлем бойынша  таралып жатқан Қытай елінен бастау алған Covid-19 вирусын соңғы статистикалық мәліметтер бойынша жұқтырғандар саны-12,5 млн, жазылып шыққандар саны-6,89 млн, қайтыс болғандар саны-560 мыңды құрады. Аурудың тез таралуына байланысты сақтық шарасы негізінде көптеген елдерде карантиндік режим қойылды. Әлемде  пандемиялық жағдайға байланысты карантиндік режимнің орнауы алпауыт компаниялардың акцияларының төмендеуі мен тауарларының түсімінің азаюы дағдарысқа алып келуде. Әлем брендіне айналған жылдық табысы миллиардты құрайтын, әлем сәнқойлары  маусымдық үлгілерін жарыса таңдайтын Chanel, Hermes, Patel, Philippe компаниялары тауар шығаруды тоқтатты. Victoria’s Secret, Hertz, Cirque du soleil брендтері  дағдарысқа ұшырағандығы жайында мәлімдеме жасады. Сапасы жағынан жоғары, дәм жағынан ең  таңдаулы кофе дайындайтын, әлемнің әрбір бөлігінде Starbucks-тың 400-ге жуық кофейнялары, Zara брендінің 1200 дүкені жабылды. AirBnb компаниясының негізін қалаушысы 12 жыл бойы жасалынған еңбектің 6-8 апта уақытта жоқ болғандығын айтты. Әлем бойынша пандемиялық жағдайдың әсерінен  мыңға жуық үлкенді-кішілі компаниялар  дағдарысқа ұшырауда. Ғалымдардың болжауынша пандемияның екінші легі қиратқыш әсерді алып келеді. Тек қана Covid-19 вирусына шалдыққан адамдар саны ғана жоғарыламай, сонымен қатар экономикалық жағынан дағдарыстық жағдайға ұшырауы мүмкін компаниялар саны да жоғарылайды деп болжауда. Тіпті осындай алпауыт компаниялар дағдарыстық жағдайға төтеп бере алмай жатқан жағдайда, енді ғана дамып келе жатқан компаниялардың бұл кездегі жағдайын айту қиын.                                                                                                                                                                                 3 курс студенті Тұрғанбаева Гүлім

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field