Бүгін , наурыздың 28-жұлдызы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша «Креативті пиар маманы” тақырыбында пәндік олимпиада өткізілу үстінде . Құрамында 3 студенті қамтыған аталмыш мамандық сайыста еліміздің таңдаулы оқу орындарының 2-ші 4-ші курс студенттері бой көрсетіп, бақ сынасуда.
Олимпиаданың өтудегі басты мақсаты:
- Қоғаммен байланыс мамандығының білім саласын арттыру;
- Талапты, білімді, үздік студенттерді анықтау;
- Кретивті қоғаммен байланыс мамандығын қалыптастыру;
- Студенттердің өзіндік ой-көзқарасын креативті ойлау қабілетін арттыру, журналистік шеберліктерін дамыту;
- Ақпарат ғасырына бейімделген болашақ PR мамандарының деңгейін анықтау
- Қоғамдық пікірге үн қоса білуге және өзекті мәселелерді талдауға үйрету.
Байқауға қатысушы әр команда қатысушылары жыл сайын түрлі тақырыптағы тың дүниелер әкеледі. Осы жылы да қатысушылар «Ең үздік жоба”, «Ең үздік жарнама ролигі, «Ең үздік онлайн жазба”, « Ең үздік халықаралық PR маманы» номинациялары бойынша сынға түсіп жатыр. Аталған кезеңдер бойынша алдын-ала тапсырылған жобаларын әділқазы алқаларына ұсынды.
Қанжығасына жүлделі орын байлау ды мақсат тұтқан командалардың дайындықтары көз қуантады. Тартысқа толы сайыс кезеңнен кезеңге өткен сайын қыза түсуде. Дәл осы қарқынды жүйректен жүйрік озар жарысқанда демекші, мәреге жетер сәтте алыс емес.