2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Жастар жылына арналған студенттер форумы өтті.Шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының 2 мыңнан астам студенті мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Олар Мемлекет басшысының Астанадағы жастар форумындағы сөйлеген сөзін талқылап, жас ұрпақ алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қатысу және ел дамуына қосар үлестері жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонмен қатар, студенттер 4.0 Индустриясын құруға бағытталған шығармашылық идеялары мен инновациялық жобаларын таныстырып, стартаптарды жүзеге асырудағы өздерінің бірегей тәжірибесін ұсынды.
Шара аясында форумға қатысушылардың атынан еліміздің жастарына арнап ҚазҰУ студенттері ұсынып, құрған «Жастардың шығармашылығы мен энергиясы – елдің инновациялық дамуына» атты ұлттық қозғалысқа белсенді қатысуға шақыратын Үндеу жарияланды.