2018 жылдың 14 наурызында сағ. 13.00-де ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Университеттік online кітапхана» электрондық кітапханалық жүйесінің (ЭКЖ) функционалдық мүмкіндіктері» атты жеке вебинар өткізіледі. Семинар жүргізушісі: Каллиников Павел Юрьевич – «Университеттік online кітапхана» ЭКЖ оқу- әдістемелік орталығының жетекшісі, бас сарапшы, Мәскеу қ.
Вебинарда келесі сұрақтар қарастырылады:
- Қолданушылардың ЭКЖ-де тіркелуі және олардың түрлі деңгейлері (Бас қолданушы (Әкімші); оқытушы; білім алушы);
- Кітапты алдын ала қарау парағы;
- Кітапты оқу, кітаптың оқу парақтарының функционалы: ✓ кітаппен жұмыс және оқу үшін баптау (масштабтау, ауысу, т.с.с.); ✓ кілт сөздер бойынша іздеу, табылған беттерге ауысу; ✓ бір кіруде (бір авторизацияда) кітап көлемінің 10% -ын көшіріп алу мүмкіндігі; ✓ белгілер жасау; ✓ кітаптің pdf файлының мәтіндік қабаты, дәйексөздерді дәйексөз жинағышқа көшіріп, әрі қарай жұмыс істеу үшін дайындамалар жасау.
- Кітапхана бойынша іздеу;
- Іздеу іріктемелері;
- Жеке кабинетте жаңа шыққан кітаптар бойынша таратылатын тізімдерді қалыптастыру (менің ғылыми ізденіс салам)
- Әдебиет тізімі және библиографиялық сипаттамасы;
- Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) және дәйексөз алу;
- Оқытушылар автор ретінде;
- Оқытушылар үшін қосымша мүмкіндіктер: ✓ ЖОО аудиториясы үшін өз материалдарын (файлдар) орналастыру; ✓ білім алушылар үшін ұсынылатын әдебиеттің интерактивті тізімін жасау.
Вебинарға қатысу үшін http://b16644.vr.mirapolis.ru/mira/s/03aJKk сілтеме бойынша тіркелу қажет.
Тіркелгеннен кейін әрбір қатысушыға жүйеден вебинарға кіруі үшін жеке сілтемесі көрсетілген хат келеді. Қатысушылар үшін вебинарға кіру басталуынан 15 минут бұрын ашылады.
Вебинардың ұзақтығы – шамамен 1 сағат.
Барлық қатысушылар “Директ-Медиа” компаниясынан тегін атаулы электрондық сертификаттар алады.
Техникалық жағдайларға байланысты кафедрада вебинарға қатысу мүмкін болмаса, кітапхананың электрондық залынан тыңдауға болады.
Вебинарға қатысу өтінімдеріңізді library@kaznu.kz электрондық мекен-жайына жіберуге болады.
Өтінімде қатысушы аты-жөнін, жұмыс орнын, қызметін, телефон нөмірін, электрондық почтасын көрсетуі тиіс.
Анықтама үшін телефон: + 7 727 393 40 66 (кітапхананың әдістемелік орталығы).