Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қорғалаған қоңыр күз (әңгіме)

jurfak Наурыз 25, 2013 1
Қорғалаған қоңыр күз (әңгіме)

Қарашаш Есенбай, ІІ курс

Жүдеу күз. Қорғалаған  қоңыр  салқын  ашық  терезеден  емеуірінмен  ғана желпіп-өбіп өтеді. Сусылдаған ақшыл перденің қарны қампая ішке серпіледі. Алакөлеңке. Алакөлеңкенің  өзі  демігіп- үздігіп  тұрғандай. Төбеден төнген бейнекамераның бағатыны:  кітапхана, қоңыр үстөл, аққұбаша қыз. Беті ашылған бес- алты кексе кітап. Көңіл-күймен  оның  ісі  жоқ.  Айжан  оқып  отыр  ма, басқа оқып отыр ма? Оқымай отыр ма – бәрібір. Айжанның, әйтеуір, бас көтергісі келмейді. Құмары қанбағандай. Өзінің райлас  курстастары  келіп: «Айжан!», – деп адақтаса да селт етер емес.

Кітапханашы апайдың теріс қарап кейде жеңіл, кейде ауыр күрсінгені болмаса,бөлме іші құлаққа ұрған танадай. Анда-санда ерсілі-қарсылы  жеделдете өткен қыз-келіншектердің тық-тық еткен аяқ дыбысы еденді тесіп жіберердей. Жаратпайды-ау, осынау кердең жүрісті. Әнеки, есікті сықырлата залға  екпіндей еніп келе жатыр тағы біреу. Аяқ басысынан сезеді – жас жігіт. Қадамы ширақ, егделердей  аяғын тырпылдата сүйретпейді.Кітапханашы оны өзінің ескі танысындай жылыұшырай қарсы алды. Сөреде тұрған қызылқоңыр кітапты ұстата берді. Ол басқа орын таппағандай тап Айжанның қасындағы  орындыққа келіп жайғасты. Бос па, бос емес пе, адам отыр ма, жоқ па – онда оның  мүлде шаруасы жоқ. Әрі сапырылыстырды, бері сапырылыстырды, ары ақтарды, бері ақтарды. Іздегені табылмаған сияқты. Бозбала енді жан-жағына алақтай қарады. Айжанды енді көргендей оқыс бұрылды да:

– Кешіріңіз,сәлеметсіз бе?-деді жұлып алғандай.
– Сәлемет болыңыз?- деп бұл күліп жіберді.
– Несіне күлдіңіз? Мен ерсі  бірдеңе деп қойдым ба? – Ол енді бұған анықтай қарады. – Осы сіз не бітіріп отырсыз?
– Күлмегенде қайтейін, қылығыңыз да, сөзіңіз де қызық екен. Білгіңіз келіп бара жатса, бітіріп отырғаным – қазақ эпосын қарап отырмын.
– Е-е, дұрыс.Мен өзі сондаймын. Сіздің ұзын бұрымыңыз, мойылдай қара көзіңіз сол эпостардағы қыздардыкінен бір аумайды. Айтпақшы, есіміңіз кім?

Бұл сықылықтап күліп жіберді, жалт қараған кітапханашы апай сұқ саусағын ерніне апарып, күлімдей де елжірей қарады.
– Баян мен Қыз Жібектің көзін көріп келгендей сөйлейді екенсіз. Атым – Айжан, ал өзіңіздің  есіміңіз ше?
– Әсет.Оқуға осы жылы түстіңіз бе?
– Иә,бірінші курста оқимын.
– Мен экономика факультетінің екінші курсынла оқимын.
– Мен болашақ кітапханашымын, осы ғимараттың келешек иесі біз боламыз.

*               *               *

Жадау күз. Еркелеген еспе самал ашық терезеден жылыұшырай желпіп-жебеп өтеді. Сусылдаған ақшыл перде тойынған ақ желкендей ішке қарай қайқаяды кеп. Алакөлеңке. Алакөлеңкенің өзі талмаусырап тұрғандай. Төбеден төнген бейнекамераның бағатыны: кітапхана сөрелері, қаптаған үстөлдер, ана жерде бір шоқиған, мына жерде бір шоқиған оқырмандар.Ашып-жабылған кітаптар, беті ашылған ноутбуктар. Көңіл-күймен оның әсте ісі жоқ.  Анда-санда  жеделдете әрлі-берлі өткен қыз-келіншектердің тық-тық еткен аяқ дыбысы еденді тесіп жіберердей. Жаратпайды-ау  Айжан осынау кердең жүрісті. Әнеки, есікті сықырлата залға  екпіндей еніп келе жатыр тағы біреу. Аяқ басысынан сезеді – жас жігіт. Қадамы ширақ, қариялардай  аяғын сүйрете баспайды. Кітапханашы оны өзінің ескі танысындай жылыұшырай қарсы алды. Сөреде тұрған  екі томды  ұстата берді. Ол басқа орын таппағандай ертемен келген ақсары қыздың қасындағы  орындыққа келіп сылқ ете түсті. Бос па, бос емес пе, адам отыр ма, жоқ па – онда оның  мүлде шаруасы жоқ. Әрі қарады, бері қарады, ары ақтарды, бері ақтарды. Іздегенін таппады. Ұзын бойлы қараторы жігіт енді жан-жағына алақтай қарады. Қасындағы қызды енді көргендей оқыс бұрылды да:

– Кешіріңіз,сәлеметсіз бе? – деді  жұлып алғандай.
– Есен-сау болыңыз? – деп ақсары қыз езу тартты.
– Несіне күлдіңіз? Мен бірдеңе бүлдіріп қойдым ба?– Ол енді бұған анықтай қарады. – Осы сіз не істеп отырсыз?Жаңа не айтайын деп едім… Е-е, енді есіме түсті. Күнде осы кітапханадан шықпайсыз. Атыңыз кім?
– Күлмегенде қайтейін, қылығыңыз да, сөзіңіз де біртүрлі екен. Білгіңіз келіп бара жатса, қазақ эпосын оқып отырмын. Толқын десеңіз жетіп жатыр.
– Е-е, жөн екен.Менің кейде сондайым бар.Атым – Әнуар. Сіздің сәмбі талдай бұрымыңыз, тұңғиығы терең  жанарыңыз  сол эпостардағы Құртқа мен Гүлбаршыннан әсте аумайды.

Ақсары қыз сықылықтап келіп күлсін. Елдің бәрі бұлар жаққа жалт қарады. Манадан осы үстелге көз салып отырған кітапханашы Айжан сұқ саусағын безеп қойып,ешкіммен ісі жоқ екеуіне сонау бір алыстан  сағына да  елжірей қарады.

Бір пікір »

  1. Radjuly Мамыр 15, 2013 at 11:37 тд - Жауап

    Аяқталмай қалған ба?????

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field