Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Математика және механика ғылыми-зерттеу инстиуты ғалымдары шағын ғарыштық ұшу аппараттарын басқарудың математикалық модельдеу жүйесін ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Ғылыми-зерттеу жұмысына физика және математика ғылымдарының кандидаты, доцент З.Б. Рақышева жетекшілік жасаған. Жоба авторы ғарыштық аппаратты сызықтық емес тәсілге сүйеніп Һ реттегіші арқылы басқарудың жолын тапқан.
Мамандар қазақ ғалымдары ойлап тапқан құрылғы алдағы уақытта шағын ғарыштық аппаратты басқаруға пайдалануға болатынын айтуда.