Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ студенттері Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан намысын қорғамақ

Шарипа Нуржанова Қаңтар 9, 2017 0
ҚазҰУ студенттері Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан намысын қорғамақ

Алматыдағы қысқы Универсиада кезінде еліміздің намысын қорғайтын 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Жансая Адыханова өз сұхбатында алда келе жатқан жарыстардан не күтетіндігі жайлы әңгімелеп берді.

– Мәнерлеп сырғанау жағынан алатын болсақ, мен спорттағы мансабымды кеш, 11 жасымда бастадым, – дейді Жансая Адыханова.

– Денсаулығымды түзетіп, иммунитетімді күшейту қажет болғандықтан, анам мені мәнерлеп сырғанауға әкелді.

– Универсиадаға қатысатын команда қатарына қосылу үшін өте қатты күрес болғаны белгілі, осы жөнінде аса уайымдадыңыз ба?

– Универсиаданың Алматыда өтетіні белгілі болған кезде, бірінші кезекте, менің жасыммен құрамаға өтуге бола ма деген мәселе туындады. Мен мектепке 5 жасымда барып, 16 жасымда оны тәмамдадым. Қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентімін. 30 желтоқсанда 17-ге толдым. Жас шектелімі бойынша өтетінім белгілі болғанда жарыстарға дайындала бастадық. Мен Санкт-Петербургтегі жиындарға қатыстым, Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, оның қорытындысы бойынша Универсиадаға іліктім.

– Спорт әлемінде өзің үлгі тұтатын спортшылар бар ма?

– Біздің Денис Тен – мен үлгі тұтатын спортшы. Қазақстанның әлемдік сахнадағы мәнерлеп сырғанаудағы басты жетістіктері оның есімімен байланысты.

– Универсиада сіздің мансабыңыздағы ең алғашқы маңызды жарыс шығар?

– Ересектер арасындағы жарыстар ішінде бұл мен үшін алғашқы маңызды ойын. Жасөспірімдер арасындағы жарыстарда мен екі маусым бойы Гран-при сериясындағы кезеңдерге, түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келдім.

– Алматыдағы Универсиадада қандай бағдарламаларды көрсетпексіз?

– «Ромео және Джульетта» рок-операсына қатысты тақырып аясында менде қысқа бағдарлама бар, ал «Ақшыл көк көйлектегі ханым» (Дама в лиловом) фильмінің музыкасымен еркін бағдарламаны көрсетемін, бұл өте нәзік, лирикалық би болмақ.

Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау әлемінде кімнің өнерін қалт жібермей бақылап жүресіз, кімнің сырғанау стилі сіздің жаныңызға жақын?

– Әр мәнерлеп сырғанаушының өзіне ғана тән стилі бар, менің өз стилім болуы үшін осы бағытта еңбек етіп жүрмін. Әлем чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы ресейлік Евгения Медведеваның қалай сырғанайтыны аса ұнайды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Ресей мен Жапонияның мәнерлеп сырғанаудан мектептері өте мықты келеді.

Әйелдер арасындағы жеке разрядта Универсиада кезінде Қазақстан намысын Жансая Адыхановаға қоса, Айза Иманбек және Вероника Шевелева қорғамақ. Ал ерлер арасында Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин өнер көрсетпек.

 

Сілтеме: http://kaznu.kz/kz/3/news/one/11100/
www.24.kz

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field