ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті бірінші курс студенттеріне арнап ұйымның қызметімен, мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында жәрмеңке өткізді.
Әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шарада ине шаншар орын болмады. Бірінші курс студенттерінің жастар ұйымдарына деген қызығушылығы олардың университеттің әлеуметтік-мәдени өмірінен тысқары бола алмайындықтарын көрсетті. Жиында студенттер өздерін қызықтырған бағыт бойынша ақпарат алды, сондай-ақ өзге факультет студенттерімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Жастар ұйымдары комитеті – бұл барлық студенттік ұйымдар мен қызығушылығы бойынша клубтар бірлестігі. Соңғы үш жылда үйірмелерге қатысатын студенттердің саны 2,5 есе артқан. Бұл дегеніңіз 10 мыңнан астам студент. Бүгінде университетте шығармашылық және зияткерлік әлеуетті көтеруге бағытталған 300-ге жуық үйірмелер мен клубтар қызмет етеді.
Студенттік өмір жарқын естеліктермен, қызықты сәттерге толы болуы керек. Бүгінде университетте табысты оқу мен белсенді студенттік өмір үшін барлық жағдайлар жасалған.
ҚазҰУ Баспасөз қызметі