Ғылым-теңіз, білім- қайық
Шарипа Нуржанова
Маусым 8, 2015
Білу арзан, білім қымбат демекші ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы Дархан Ахмет-Заки білім қайығының тізгінін ұстап талай жастарды білім теңізіне жүзуге бейімдеуде.Қазақ Ұлттық Университетінің ыстық суығына шыдап өз қызметін жоғарғы талаптарға сай атқарып отырған Дархан Ахмет-Заки Жұмаханұлы Ұлттық Университеттің білім беру жолдарымен бөлісті.
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің қателіктері немесе жетістіктері қандай сіздің пікіріңізше?
Өздеріңізге белгілі қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесі соңғы жылдары әлемдегі қабылданған ережелерге сәйкес жүзеге асыруда, ол дегеніміз қазіргі таңда әр мемлекет өз білім беру жүйесін дамытуды ол дамытудың негізгі бағыттарының бірі ғылым білім және өндірістің сабақтас болып бірге жүруінде.Егер біз бұрынғыдай сабақ бере алатын адамдар ғылым саласында тек қана академиктер жұмыс жасайтын болса, ал бизнес аласында тек қана қолдарынан келетін бизнесмендер ғана жүретін болса ал бірақ араларында белгілі бір байланыс болмай немесе олар өздеріне керекті мәселелерді талқыламаса онда біз қазіргі таңда нарықтық заманға сәйкес келетін маманды ешқай жерден таба алмайтын боламыз.Қазіргі жүйенің ең басты ерекшеліктері бұрынғы совет өкіметі жүйесінен ,ол жаңа заман талабына сай келетін керек болса ғылым бағытында қабілеттерін жүзеге асыра алатын сол білімін халыққа деп дұрыс тұрғыда қолданыла алатын мамандар деп күтудеміз.Бұрынғы жүйенің ешқандай кемшіліктері жоқ, қанша дегенмен совет өкіметінің жүйесі неміс өкіметінің білім беру жүйесіне негізделген болатын ол жердегі ең басты өзгешілік біздің оқу жүйеміз мамандандырылған 5 жылдық оқу ,содан кейін асперантура одан кейін доктарантура ғылыми бағыттағы дайындалатын мамандарға терең сол саладағы көп іздніс жасаудағы мүмкіншілдік беретін дайындық жолдарының бірі деп ойлаймыз.Бірақ қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер әрбір адам ғылым саласына барғысы келе бермейді сонымен қатар ол оқуды бітіргеннен кейін өмір бойы оқу қағидасы дегеніміз бар соған сай баклавриат негізгі базалық білімді қалыптастырады.Ал магистртатурада кәсіптік професианалды білімін қалыптастырады деген ойдамыз.Бұл жүйе тек қана европа елдерінде ғана емес бүкіл әлемнің дамыған елдерінде әр түрлі түрде енгізілген.Егер қазіргі кездегі Қазақстанның болашағы дамыған 30 елдің қатарына кіру деген мақсат қойған ,оған кірудің жолы оқу білім әлемдік бәсекелестік нарығына сәйкес келтіріп және сол ғылым,білім жүйесіндегі қалыптасқан мамандарды өндіріске тікелей өзінің ізденістерін жүзеге асыратынын енгізетіндей болып дайындау деген ой бар.Енді екінші жағынан қарайтын болсақ біздің бітірушілерге беретін ерекшеліктері , егер біздің бітірушілер бұрынғы кезде 5 жылдық оқу бойынша тереңдетілген мамандық бойынша емес жалпы әрбір кемінде бір жыл өзінің жан –жақты дамуына жалпы дайындықты көп қажет ететін сабақтар оқытылады.Қазіргі таңда бакалавриат жүйесінде біз мамандандырылған курстар болсын студенттер өзінің бірінші курста егер негізгі сабақтарды өтіп біткеннен кеін 2 курстан бастап өзінің мамандандырылған сабақтарын өтсін деген талаптамыз және сол жүйедегі біздің оқу жүйесі қалыптасқан .
Қазақстандағы кейбір педагог мамандар “Біз Балон үдерісіне бірден еніп кеттік .Біздің жүйе бұған дайын емес еді ” деген пікірді алға тартады ? Сіздің ойыңызша, Балон үдерісі біз үшін қаншалықты пайдалы болып отыр?
Баллон үдерісінің ең басты принціптерінің бірі әрбір балон үдерісін қабылдаған мемлекетте бір қалыпта оның ішіндегі оқу жүйесі жалпы тәртітте, егер біздің студент 2 курста оқып жүріп басқа оқу орнына ауысқысы келсе немесе 4 курстан кейн магистратураға түскісі келсе сол жердегі келіспеушіліктерді жан жақты қараған кезде бірдей деңгейге келтіру, 2 жағынан бұл балон үдерісінің ерекшеліктерінің бірі осы бәсекелестік кеңістігіндегі Университерінің барлығы өзінің терең ғылыми ізденіске бағытталған , сол іздерістердің құзыреттілігі идиалогияға сәйкес. 2003 жылдан бастап толық қанды Балон үдерісін қабылданды, біздің елімізге 2010 жылдан бастап енді. Қазақстан елі балон үдерісіне қосылған болатын.Біз осы жүйеде кері әсерін көріп тұрған жоқпыз өйткені біздің студенттеріміздің көбшілігі оқуын шетел университетінде жалғастыруға барған кезде орта бірдей болсын деген ойда балон үдерісін қабылдап отырмыз.Тағы бір Балон үдерісінің артықшылығы ол жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу, егер біздің қалыптасқан оқу бағдарламаларымыз нарықтық талапқа сай келмесе, онда бізден шыққан түлектер нарықтың өз сұранысына сай болмай жұмыс таба алмауы мүмкін.Балон үдерісінің негізгі идиалогиясы оқу бағдарламасы ауқымды студенттің жеке жұмыс істеуі кредиттік жүйеге сәйкес оқу бағдарламасы ұстаздарға методолгиясынын арттыру керек нақты нарыққа шыққан кезде қолынанан келетін жұмыстың жемісін көрсете білу керек. Мен ойлаймын балон үдерісі замауи талаптарға сай.
Студенттер бұл үдерістің қалай жүзеге асырылып жатқандығын жалпы бұл жүйенің не екендігінен қаншалықты хабардар?
Біздің университте студенттердің жалпы кредиттік технология ақпаратты тарату,балон үдерісінің студенттерімен мұғалімдердің арасындағы белгілі бір платформа негізінде талқылау жүйесі ол балон үдерісін жүзеге асыратын студеттік бюросы деп атаймыз.Біздің университетімізде сондай үдеріс қалыптысқан.Бұл ұйым осыдан 5 жыл бұрын ашылған болатын.Қазіргі таңда Қазақстан бойынша желі ретінде қалыпсатқан.Ол жерде универстеттегі ұйымдар бір-бірімен ақпарат алмасып , Университеттегі академиялық саясат негізінде кітап шығарылды, студенттерге барлық сұрақтарына осы арқылы жауап бере аламыз.
ҚазҰУ-дағы “академиялық ұтқырлық” “Магистранттардың шетел тағылымдамасы “сияқты бағдарламалардың нәтижелері қандай?
Балон үдерісіне сәйкес белгілі бір семестр уақытында басқа Университетте білім алу мүмкіншілдігі бар.Бұл жөнінде мемлекет тарапынан үлкен бағдарламалар бар ол бағдарламаға сәйкес біз министрліктен тікелей қаражат аламыз. Қаражаттың бөліну схемасы, ол оқу үлгерімі жоғары, ағылшын тілін жетік білетін, қабілеті зор студенттер 1 семестр көлемінде қалаған Университетінде оқу алу мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі таңда бізде жылына кемінде 70-80 студент барып оқып келіп жатыр.Мұнда ерекше есте қалатын мәселе , ол біздің Университетте академиялық саясаттың негізінде өздері оқып , шетелдегі Университеттке барған кезде, сол жүйеде біздің қазіргі оқу жүйеміздің ешқандай артықшылығы жоқ екенін түсіндіру.Студеттің өз болашағы үшін оқығаны дұрыс, қазіргі таңда студеттердің көпшілігі емтихан кезінде көшіруі, егер көшіру арқылы баға алған болса, нәтижесінде диплом сапасы да нашарлайды.Біз қазірден бастап студенттеріміздің нақты білімін дұрыс бағалауы үшін мұғалімнің өзі емес , комиссия тұрғыда бағалауы үшін осы жүйені қалыптастырған болатынбыз.Мен ойлаймын Академиялық ұтқырлықпен барып келіп жатқан студеттер бірінші кезеңде біздің еліміздегі жүзеге асырылып жатқан мәселерді өз алған білімдерінің нәтижесін көрсетіп шешуге көмектесіп ,кеткен шығыннын зая еместігін дәлелдейді деп.
ЖОО-ның ішкі және сыртқы саясатындағы имиджін қалыптастыру үдерісі жайында не айтасыз? ҚазҰУ-дың имиджін қалыптастыруда қайсысы алдыңғы орында?
Қазіргі таңда имидж деген Университеттің имиджі ол кез-келген нарықтық заманда ол қандай сапалы түрде қызмет көрсетеді сол қалыптастырады.Өздеріңіз білесіздер белгілі бір мемлекетті алатын болсақ оларды еске түсіретін бір-екі университет бар мәселен Американы алатын болсақ, ол жерде Massachusetts Harvard ,Англияны еске түсіретін Oxford, Stanford университеттері, Ресей десек МГУ, НГУ университеттері еске түседі.Университет имиджі елдің имиджімен тығыз байланысқан, егер келешекте Қазақстан деп еске түсірген кезде Қазақстанның ең беделді Университеттері еліміздің деңгейімен бір қатарда тұратын болса сонда біздің еліміздің білім беру сапасын көрсететін болады. Біз университет шеңберінде жасалып жатқан талай іс-шаралар ол тек білім беру қызметі емес сонымен қатар ғылыми ізденіс және терең экономика саласындағы әкелетін бір ықпалы оның ішіндегі бідзің ұстаздарымыздың тең дәрежелі өзінің ой пікірімен бөлісе алып, еліміздің қауымдастығын дамытуға үлесін қаншалықты қоса алатынын көрсетеді.Мен ойлаймын имидж дегеніміз олш сапалы білім беру, терең ғылыми ізденіс нарықтық сұранысқа сай мамандарды даярлау сапалы деңгейдегі оқу бағдарламаларын қалыптарсыту.
“Универ” жүйесі мен “Платонус” жүйесінің қайсысы тиімді ? Неліктен ҚазҰУ бірінші аталған жүйені таңдады?
Біріншіден Универ жүйесі ол өзіміздің Университетіміздің ішінде қалыптастырған ақпараттық жүйе .Осыдан он жыл бұрын Франция елінің бір қатар университеттерінің көбінен келген,біздің Университетте ” деканат” деген жүйе болған.Ол деканат жүйесінің негізінде 2008-2008 жылдары Инстранет деген жүйе пайда болды, келесі 2010 жылдан бастап бізде Универ деген жүйе пайда болды.Ал Платонус деген басқа бір компанияның жасаған жүйесі.Енді өздеріңіз білесіздер кез-келген ақпаратттық жүйені пайдаланып отырған ұйым қаншалықты терең білетіндігі ,белгілі бір жерлерді дамытқысы келсе келсе оны дамытуға барлық мүмкіншілдіктері бар.Ал егер дайын бір ақпараттық жүйені қабылдап сатып алатын болсаңыздар онда оның ішіндегі өзгерістерді енгізуге өте қиын,ол өзгерістерді жасау үшін оны құрастырған компанияны шақыру керек ол қомақты ақша тұрады.Қазіргі таңда біздің универ жүйесі бүкіл бакалавр магитстратураны Phd деңгейін қамтиды, және іштей сырттай оқу жүйесін қашықтық технологиялар болсын.Студенттердің өзінің кез-келген жерінен оқу үлгерімі бойынша ақпаратты алу соның ішіндегі келешекте оқу бағдарламаларды қалыптастыру модульдерін жүзеге асырады деген ойдамыз, ал ол бізге тікелей ақпараттық технологияларын ауқымды түрде оқу үдерісіне енсек оның ішіндегі талай іс-шаралардың барлығын таза транспоретті түрде өтетіндігін көрсетеді.
Шетел тәжірбиесіндегі , халықаралық университеттер тәжірбиесіндегі “аралық емтихан”ҚазҰУ-да да дәстүрге енді. Білім сапасын анықтауда ұдайы тексеріс жүргізіп отыру қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?
Университеттің бірден-бір қызмет көрсету сапасының бірі ол оқу бағдарламалары.Оқу бағдарламасын белгілі бір әлемдік сұранысқа сай қалыптастырамыз.Сол оқу бағдарламаларының қазіргі көрсеткіштерінің бірі ол құзіреттілік.Қандай құзіреттілікті қалыптастырады немесе оқу нәтижелері дейміз.Оқу нәтижелері мәселен белгілі бір сараптама жасау арқылы соның нәтижесінде өзінің критикалық жан-жақты ойын айтып ,шешім шығаратын жолдарды айқындау.Егер финансист болса тек қана сандарды санап ешқандай өзінің ойын жұмыс жасап жатқан орнында пайдалана алмаса немесе соны іске асыра алмайтын болса онда ондай білім қазіргі кезде қажеті жоқ оны энциклопедиялық білім дейміз қазіргі кездегі оқулық тұрғыда Ол бітірушілердің бірден-бір қабылдаған білімін дұрыс бәсекелестік ортада білімін пайдалапнып тікелей экономикалық есептерді шешуге қолдану, мен ойлаймын осы тұрғыдан қараған кезде бізде оқу құзіреттілігі жетілген.Өздеріңізге белгілі алдыңғы жылдары сабақты оқу нәтижесінен кейін тек қана 7 апта аралық бақылау мен эмтиханды сонғы 15 аптадан кейін тапсыратын болғанбыз.Ол кезде біздің студенттердің көбі ақпараттық аралық бақылауды жинақтаушы бір әр апта сайынғы балдарды қабылдайтын,мен ойлаймын бұл дұрыс болмады өйткені 15 аптаға келген кезде студет өзінің жаттап алған білімін емес қаншалықты теориялық тұрғыда практикалыққа дейнгі білімін пайдалана алатындай деңгейде болу керек.Біз соңғы емтиханды 2 ге бөлдік 1 семестр бойынша алған білімін аралық бақылаудан кейін емтиханға дайындық ретінде Мидтерм тапсырады.Мидтерм емтиханынан кейін белгілі бір деңгейден өткеннен кейін,қалған 7 аптада қай жнрдн білімі жетіспейді екен ең түпкі емтиханға мидтерм нәтижесі бойынша кез-келген студент толық қанды дайындалып , жақсы баға алуға тырысатын болады.
Еліміздігі студенттер саны жағынан алдыңғы орындағы университеттің қоғаммен байланыс қазметі қалай жүзеге асырылады?
Қазіргі таңда өздерініңіз білесіздер Қазақ Ұлттық Университетінде жалпы Ұлттық университет жинаған талапкерлер ғана түсе алады.Бұл бізге 1 курстан бастап талабы зор білімге құмар балаларды қабылдауға талап қоямыз.Қазіргі таңда факултеттер кафедра меңгерушілері әрбір аудандағы мектептермен байланыс орнатып біздің университетте қандай оқу бағдарламары бар екені жайлы ақпарат таратады.Екінші жағынан бізде Университетімізде қабылданған бірқатар министрлік тарапынан “әл-Фараби “олимпиадасы өткізіледі.Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 11 сынып оқушыларына 11 пәннен сайыс өтеді.Олимпиада жеңімпазы Қазақ Ұлттық Университетінің грантына ие болады.Осыдан 5 жыл бұрын ашылған “әл-Фараби”профоринтациялық істерді жүргізетін ұйым ашылған, барлық іс шараларды соларға табыстаймыз.
Білім беру саласында қандай жаңа инновациялық шешімдер шығарылып жатыр? Алдағы уақытта ЖОО-да білім беру сапасын жоғарлату турасында өзгерістер бола ма?
Әрине болады, әр Университеттің мемлекеттік деңгейде қабылдаған өздерінің бағдарламалары бар.Ол бағдарламаларға сәйкес ел басымыздың айтуынабайланысты 2020 жылы әлемдік деігейдегі Университеттердің қатарына кіру керек.Ол дегеніміз бәсекелестік өте жоғары басқа университеттер талабына сай келу деген сөз.Егер біз ҚазҰУ тек Қазақстанның көлемінде ғана жұмыс атқарсақ онда біздің Университетімізге ешкім көңіл аударғысы келмейді.Қазіргі заманауй талаптарға сәйкес әрбір Университетке ішкі елдің студенттері ғана оқуы емес басқа елдің студенттерінің келуінің мүмкіншілдік алуы және сол елдің студеттердің білім жағынан қанағаттандырылған ойы керек.Егер біздің университетке кемінде жылына 1000-1500 адам келіп оқитын болса онда біздің білім беру сапасы да артар еді.Өкінішке орай бізге халық аралық деңгейдегі студенттерді көп шақыру үшін ағылшын топтарын көп ашу керек.Қазіргі кезде біздің университетте бұл бағдарлама қабылданған,дәл биыл бірінші болып мымыр айында ең алғашқы болып ағылшын топтарының түлектері бітіріп шығады.Қазірден бастап ол түлектерге сұраныс өте зор.Егер біздің университетімізде біліммен қоса зерттеу университеті , зерттеу дегеніміз тек қана бакалавр жүйесінде сабақ беру емес.Магистранттар мен докторанттардың көп болып солардың барлығын терең ізденістер арқылы өзіміздің ғылыми ізденістер нәтижесін бүкіл әлемге жаю.
Сұхбаттасқан: Ш. Нұржанова
Қамза Гүлшат
Керемет сұхбат екен!