Ұстаздар күніне орай әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Журалистика факультеті мәслихатының ұйымдастыруымен «Жадымда тұрар жаңғырып» атты мерекелік кеш өтті. Шараны журналистика факультеті студенттері Бағдат Қамбар мен Перизат Жарылқасынова жүргізді.
Кешті Зерделі Есентаева «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты тамаша әнімен ашты. Мәслихат мүшелерінің сүйікті ұстаздарына ерекше ынта-жігермен дайындалып келгендері көрерменге бірден байқалады. Жүрекке жақын жылы жырлар, қабырғаға ілінген түрлі көркем фотосуреттер, қабырға газеттері, әсерлі әуендер, барлығы дерлік ұстаздарға арналған.
Жалындаған жастықтың жүрек лүпілі, мерекелік лебіздері кешке жиналған жандарға жылылық шуағын ұялатқан. Жанға жақын кеште Ақбота Қуанышбекова мен Нұрболат Досжан жыр жолдарын оқыса, Ақнұр Жоламанова мен Арман Сансызбаев «Аңсарым сен» әнімен көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады. Айта кетерлігі, бұл мерекелік кешке факультеттің бірінші курс студенттері белсене атсалысты.
Нағыз өнерлі ұл-қыздарды да осы жаңа толқыннан байқауға болады. Әсіресе, ұстаздарын
1 курстың ұлдары күлкіге бір марқайтты. Әзілге жақын журфактың жігіттері сан түрлі қызықты көріністер арқылы көпшілікке үлкен әсер сыйлағаны сөзсіз.Ал, қобыздың тілін жетік меңгерген факультеттің 1-курс студенті Элеонора Әзіржанова тамаша аспаптық шығарма орындады. Содан кейін 1-курс студенті А.Жоламанованың «Жібектің елі» атты әні еріксіз еселей түсті.
Сондай-ақ, журналистика факультеті мәслихаты бұл күні мерекеге арнап арнайы «лоторея» ойындарын өткізді. Ойын барысында студенттер мен ұстаздар түрлі сыйлықтарға ие болып, ризашылықтарын білдірді. Кеш соңын Айгерім Кәрімова әндер папуриімен аяқтап, соңы тамаша би кешіне ұласты. Ең бастысы мереке ұстаздар көңілінен шықты.