Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

АҚПАР ХАТ

Шарипа Нуржанова Сәуір 7, 2015 0

   2015 жылдың 10-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасының, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мен Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен Халықаралық «әл-Фараби оқулары» мен Халықаралық «Ұлы Жібек Жолы» көрмесінің аясында, «Қазақстан әлемдік баспа үдерісінде: Ұлы Жібек Жолы дәстүрлері және тарихи сабақтастық» тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияда Баспа ісінің өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына алыс және жақын шет елдер ғылыми қауымдастығы,өкілдері, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысады. Баяндамалар мен хабарламалар төмендегі секцияларда талқыланады:

1 – секция: «Өркениет сабақтастығы: Жібек жолы және қазіргі заман»;

2 – секция: «Қазақстан баспа бизнесі мен полиграфиясының даму бағыттары мен новациялары»;

3 – секция: «Кітап шығару мен таратудың негізгі мәселелері»;

4 – секция: «Жастарды кітапқа баулудағы алғышарттар».

     Конференцияның нәтижесі бойынша материалдар жинағы басылып шығады. Мақалалар тегін жарияланады.

Баяндама мен хабарламалар мәтіндерін мына адреске: e-mail: akmoldir@list.ru немесе 8 (727) 3773331 (қосымша 1348) тел. хабарласыңыздар.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

А4 форматында компьютерде терілген мақала көлеміне шек қойылмайды. Беттің өлшемі: жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 20 мм. Шрифт өлшемі – 14. Times New Roman, KZ Times New Roman. Жоларалық интервал – 1. Оң жақ жоғарғы бұрышқа автордың тегі мен аты жазылады, төменірек келесі жолда ғылыми дәрежесі мен атағы; оның астына ұйымның аббревиатурасы мен қала, ал төменірек, бір жолдан кейін бас әріптермен, майлы шрифтпен ортаға түзелген күйінде мақаланың аты жазылады; төменірек бір жолдан кейін – мәтін. Мәтін түзетілуге жатпайды және түпнұсқа болып есептелінеді.

Құрметті әріптестер!

 

   Бұл конференция еліміздің баспа ісі мен полиграфиясының ақпараттық кеңістігінің көкейтесті мәселелеріне арналған қорытынды сипаттағы ғылыми-теориялық және тәжірибелік шара болып табылады. Қалыс қалмай, қатысуларыңызды өтінеміз.

 

Ұйымдастыру комитеті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field