Белгілі көсемсөзші, республиканың еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан журналистика академиясының толық мүшесі Аяған Сандыбай жуырда еліміздің бас қаласының белді басылымы- «Астана ақшамы» газеті шығармашыл ұжымының басшысы болып бекітілді. Факультетіміздің түлегі, қазақ елінің дәуір тоғысындағы көкейтесті мәселелері төңірегінде келелі әңгіме қозғап жүрген қаламгер Елбасы әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, «Қазақстан теледидары және радиосы» корпорациясының бірінші вице-президенті, Қазақ теледидарының Бас директоры, «Қазмұнайгаз» Ұлттық мұнай компаниясы» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры болып істеген. Әріптесімізге жаңа қызметінде шығармашылық табыс тілейміз.