Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ-ге кел, қатарыңнан қалыспа

Шарипа Нуржанова Наурыз 3, 2015 0
ҚазҰУ-ге кел, қатарыңнан қалыспа

2015 жылы ақпан айында № 5 Алматы полиграфиялық колледжіне кәсіби бағыттау жұмыстарымен болған едік. Колледждің соңғы курсында оқитын студенттерімен кездесіп, оларға журналистика факультетінің мамандықтары жөнінде әңгімеледік.

Жалпы журналистика факультеті төрт мамандық бойынша түлектер дайындайды.

Ол мамандықтар:

– баспа ісі;

– дизайн;

– журналистика;

– қоғаммен байланыс;

Сол мамандықтардың ішінде ерекше тоқталып, бағдар бергеніміз «қоғаммен байланыс» және «баспа ісі» мен «дизайн».

багдар1Паблик рилейшнз (PR) немесе Қоғамдық байланыс елімізде қарқынды дамуда, мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдардың маңызды саласына айналуда. Бұл ғылым мен қызмет түрінің Батыста терең тарихи дәстүрлері бар. Қазақстанда мекемедегі PR қызметі және міндеттерімен тек соңғы 20 жыл көлемінде айналыса бастады. Бұл мамандықтың ҰБТ-да таңдау пәні – география екеніне де, ал «баспа ісі» мамандығында – қазақ әдебиеті, «дизайн» мамандығын таңдағандардың сертификатындағы төртінші таңдау пәні есептелінбейтіне де тоқталдық.

«Баспа ісі» мамандығын таңдаған талапкер, бұл мамандықты бітіргеннен кейін, Президент аппаратында, Үкіметте, сенатта, мәжілісте, аймақтық, қалалық әкімшіліктерде, банктерде, бизнес орталықтарында референт-редактор, сондай-ақ: баспаларда, газеттерде, журналдарда, радиоларда, телевидениеде, барлық мекемелердің Баспасөз қызметтерінде, жарнама агенттерінде, баспасөз клубтарында, интернет желілерінде т.б. әдеби-көркем жазуды қажет ететін мекемелердің бәрінде әдеби редактор, арнаулы редактор болып қызмет етеді.

Ал егер «Дизайн» мамандығына келсеңіз, сіздер сонда: баспаларда, газеттерде, журналдарда, радиоларда, телевидениеде, барлық мекемелердің Баспасөз қызметтерінде, жарнама агенттіктерінде, баспасөз клубтарында, баспаханаларда, полиграфиялық өндіріс орындарында, интернет желілерінде т. б. көркем безендіруді қажет ететін мекемелердің бәрінде табысты еңбек ете аласыздар деп жар салдық

Студенттер ерекше қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, біздің мекен-жайымызды, байланыс телефондарымызды алды.

Сондай-ақ, бізге ат салысып, жыл сайын уақыттарын бөліп, студенттерді жинап берген, коллеждің директоры Б. А. Ахметовке және де осы мекеменің оқытушылары: Ж.Ф. Файзуллина, Г. Д. Құлжамбаева, С. С. Макашева, Г. К. Ерназар, Б.Ә. Абелдаева, Қ. Е. Тоқтарбаева, М. Ешпанова атты ұстаздарға деканның және ұжымымыздың атынан шексіз алғысымызды айттық.

 

Журналистика факультетінің

оқытушылары

А. Садуақасов,

Қ. Қ. Мергенбаева

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field