Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Мен бизнесмен емеспін, ең алдымен ғалыммын

Шарипа Нуржанова Ақпан 26, 2015 0

АбдиӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің мәртебелі қонағы, еліміздің ірі кәсіпкері, ғалым, «Абди» компаниясының президентімен университет студенттері кездесіп, дөңгелек үстел басында сұхбаттасқан болатын. Журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Нұржанова Шарипа Сыздыққызы бас қосуға негіз болды. Кездесуге келген қонағымыз, барша халықты қуантарлықтай еңбегін тарту етті. Ол қазақ елінің тарихы мен мәдениеті жөнінде жиналған тың мағлұматтар мен алты келілік үлкен атлас картасының кітаптық нұсқасы.
Сіздің бизнестегі ең алғашқы қадамдарыңыз қалай басталды?

Абди компаниясын мен 1994 жылы аштым. Әлі ол кезде еліміз енді тәуелсіздігін алған шақ еді. Алай да елдің басынан өктен қиыншылықтардың барлығын бизнесте жүрген азаматтар да кешті. Бензині таусылған машинадай ыңыранып, күңіреніп жүрген қиын заман болды. Ал осындай қиыншылықтардан қалай арылдым. Жетістігімнің барлығын біліммен ұштастырамын. Десе де, Баукең: «Тәрбиелі тәртіптің құлы»,- деп бекер айтпаса керек. Біліміңді өз мақсатыңа асыра білу үшін, отбасында көрген тәрбиенің рөлі зор екен. К. Гельвецийше айтсақ: « Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әрекеттердің ұрығын себуі керек. Яғни, әуелі Алланың берген несібесі, кейін барып, тәрбие, білім және ортаның әсері адам болып қалыптасуға, қоғамда өз орнын табуға негіз болатын дүниелер. Менің алғашқы басар қадамым нық, әрі берік болуы үшін де, жанымда жүрген аспирант достарымның мықтылылығында деп білемін. Мықты деп отырғаным, қаржы мәселесі емес, білімділіктері жайлы айтып отырмын. Ол   кезде заң да басқа болатын, енді міне тәуелсіздігімізді алып, қанатымызды кеңге жая бастаған шақта үкімет біздер сияқты кәсіпкерлерді қолдап, жағдай жасап отыр. Бір мезетте жұмысын тоқтатқан завод, фабрикалар егемендіктің арқасында қайта ашыла бастады. Халық алаңдаушылық халде өмір сүргені ешкімге жасырын емес. Оңды солды тани білуіме, деңгейі жоғары, ауқымды орта әсер етті деуіме толықтай негіз бар. 1989 жылдың желтоқсанында кандидаттық диссертациямды қорғап, 1990 жылы қаңтарда студенттерді оқытуға кірісіп кеттім. Сондықтан да мен алдымен бизнес жолына түспес бұрын, ғылыммен айналыстым, сол себепті де мен бизнесмен емеспін, ғалыммын деп айта аламын. Бизнесті түсінуім үшін ғылымның бергені, әлі де болса берері мол деп санаймын.
Осы жолда алғаш болып кімдермен ақылдастыңыз, кім қолдады?
Пенде болған соң, қанағаттанбаушылықтың болуы заңды құбылыс. Бір мысал айтайын:
Көптен бері жолықпаған екі қария кездейсоқ кездесе қалып,
Бірі екіншісіне:

  • Әй, көріспегелі көп болды, сен қартайыпсың. Уақыт шіркін бір орында тоқтамайды ғой, ә. Зымырап өтеді де кетеді. Сонда әлгі қария бүй депті:
  • Уақыт пен кеңістік өтпейді, тек адамдар ғана өтеді. Екі ғасыр бұрын тұрған тау да тұр, мың жыл бұрын өзенде сарқылғанын тоқтатқан емес, өмірдің қонағы саналатын пенделер ғана ауысып жатыр деген екен.

Осы сөздің жаны бар. Осындай ақылды, көрегенді даналарымыздың айтып кеткен нақыл сөздері,менің талай қиыншылықтарға мойымауыма негіз бола алды. Мен үшін сондай даналардың бірі ол- менің анам. Тығырыққа тіреліп, қиын сәттерде абыржымай, барлық дүниені таразыға салып, сабырлығымен ақылды тоқтамға келе білген. Даңғыл жолмен өткен даналар ғана келешек ұрпаққа жол сілтей алады емес пе. Ал тікелей «Абди» компаниясын құру кезімде жетекшім   Александр Карнаковтың және оның аспиранттары , Таляттиден келген достарымның компьютерлік технология жөнінде Лашкарев Алексей, Ақылбек деген жігіттер, елімізде алғаш болып кооперативті банк ашқан Ақшев Есберген деген достарым қол ұшын берді. Ал, үкіметіміздің, ол кезде енді ғана тәуелсіздікке ие болып жатқан кезі.
Абди компаниясының құрылыс жоспарын ұсынған және құрылыс жұмыстарын атқарған кімдер?
Сырт пошымының идеясын өзім жасадым. Бірақ   ішкі жоспарда маңызды. Мәселен қазір 17 филиалдарымыз ,10 департаментіміз бар. Сонда жалпы 25 басшы бар. Осы басшылардың 15-і компанияның ашылу кезеңінде көптеген үлестерін қосты. Мысалы, қазіргі вице президентіміз Мұрат Қалекиев , бухгалтерлік есеп департаментінің басшысы Сәния Сапарбаева, Айжан Имердинова, Айжан Қуанышбаева, Нәлтаев Жұмахан, т.б. Менің ғана емес, топтың жетістігі деп білемін.
Басқа да компаниялардан қандай айырмашылықтарыңыз бар, мәселен, қызметкелерге деген көзқарас, жалақы, сыйақы деген секілді?
Заң барлығына ортақ болғаннан соң, айырмашылық бар деп айту қиын ақ. Десе де, компанияның ішкі саясатымыздың қағидасы бойынша алдымен қарапайымдылық мінезмізді көрсете білуіміз керек. Басшы болсын, қызметкер болсын, құқықтары бір, талап ортақ. « Еліңді басқарамын десең, сол елге құл болып қызмет етуің керек» деген екен атам қазақ. Өз басым, қай филиалда жүрсем де, қызметкерге болсын, жүк тасушыға да болсын көмек беремін, еден жуушылармен де сұхбаттаса жүремін, олардың көңіл қоштарын бақылай жүремін. Қандай жағдай болмасын, ешқашан қызметкерлер мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.
Қазіргі таңда әр облыста қанша қызметкерлеріңіз, филилалдарыңыз бар, барлық жерлердегі тауарлар бірдей ме, бірдей болмаса неге байланысты?
Сауда саясатымызда барлық жердегі тауарлар бағасы бір. Тауарды бір аймаққа, ауданға жеткізбес бұрын, сол жұршылықтың әл ауқатын, жағдайын анықтап аламыз. Бірақ, айырмашылық аса күрделі емес. Тек қымбат брендті тауарлар санаулы болуы мүмкін. Салмағы ауыр тауарларды әр облыс, аудан өздері тікелей шет елден тапсырыс беріп ала береді. Үкіметтің заңы бойынша әр филиалдардың сұранысына біз тапсырыс береміз, ал жеткізілу процессі тікелей.
Қаншама елдермен серіктессіздер, көбінесе тауарды Ресейден алдыртады екенсіздер, себебі неде?
Логистика саласында көп қиыншылықтар бар. Бізге өзге де шет елдерден тауарлар алғанша, жанымыздағы Ресейден алған тиімді. Қазіргі таңда 150-ге жуық елдермен серіктеспіз, оның өзін үш түрге бөліп қарастырамыз: 20 пайызға жуық тауалар Еуропадан әкелінеді, Оңтүстік шығыс Азия елдерінен   30 пайыз, ал қалған 40-50 пайызы Ресейден әкелінеді. Сондай ақ, біздің Ресейде еншілес компаниямыз бар. Олардың басты міндеті қазақ тіліндегі тауарлардың тілі мен стильне мән бере отырып, насихаттау.
Абди-2
Тауарлардың сапалылығы жөнінде айта кетсеңіз?
Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі заң бойынша: біз сапасыз тауарларды сатылымға түсіруге құқығымыз жоқ. Сондықтан, елімізге келіп түсетін тауарлар алдын ала тексеруден өтіп барып келеді. Ал, Алматыдағы барахолкадағы тауарлардың 50 пайызға жуығы сапасыз деп айтуға болды. Бұл үшін үкіметке тікелей кінә артуға бола қоймас. Өйткені, халықтың әл ауқаты жоғарыламай жабайы сауда орындарын жаба салуға болмайды, оның үстіне саудагерлердің саны да көп. Жазда басынан күн өтіп, қыста аяғынан сыз өтіп, өлместің күйінде жүр емс пе, ал осындай қиындықпен арпалысып тауып жеп жүрген нандарынан үкімет бір күнде айыра қалса көтеріліс болатыны ақиқат. Сондықтан мәселені ретімен шешкен дұрыс.
Еліміздегі ірі әрі жалғыз компанияға бәсекелестер бар ма?
Сол тағы да барахолка 50 пайызға бәсекелес. Біздің тауарлармен бағасы бірдей деуге болады. Барахолканың өзінен алып, өзге аймаққа жеткізу үшін жеткізу қызметіне қаншама қаражат кетеді. Түптеп келген де біздің бағадан асып кетпесе арзан емес.
Қандай жаңалықтарыңыз, жоспарларыңыз бар?
Арманым деп айтуға болады. Қазақ баласы ақылды да алғыр болып әдемі өмір сүруі үшін бір үлесімізді қоса аламын деп ойлаймын . Білімін арттыру мақсатында. Жақында ғана қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен алтлас картасын жинақтап, алты келілік салмақта кітап шығардық. Расында құнды дүние. Баланың шығармашылық қабілетін үш, жес жастан қолға алу керек. Ол үшін баланың ақыл ойын дамыту мақсатында пайдалы ойыншықтарды, денсаулығына зиян келтірмейтін сапалы дүниелер мен қызықтыра білу керек. Тек оның әдемілігін айтып қоймай, оның құрылғыларын, құрастыру механизмін жеңіл етіп ұқтыра білу қажет. Содан кейін барып, өз елінің тарихын, мәдениетін, салт дәстүрін, әдеп ғұрпын жастайынан сусындап өсуі шарт. Ертеңгі күні өзге елге барғанда салыстырмалы түрде қосымша білім жинақтайды. Сонда бүгінгідей жалтақ болмайды. Біздің жақында шығарған кітабымызда, қазіргі жастардың батыстан келген мәдениет дегені, ол біздің ата бабаларымызда болған. Яғни, мәдениеттің иісі Еуропға жетпей тұрған да дана халқымыз көрегенділігін дәлелдеп кеткен. Атақты Билгейц: «мен әр балама он миллион доллар ғана қалдырамын. Бұл қаржат оның оқуына жетсе болды. Бала ақымақ болса да қаншама қазына тастасаңда, бір екі жылда бәрін тауысады. Ал ақылды болса, сол бастапқы капитал он миллион доллардан олар миллиард жасайды» -деген екен. Меніңше, біз Батыстан түкте артта қалған емеспіз. Бүгінгі Билгейцтің сөзін қазекең әлдеқашан былай деп те айтып кеткен: «әкеңен қалған мал мал болмайды», « жақсы әкеңің аты, жаман балаға қырық жыл азық болады» дей тұрғанмен, біздің санамыз әлі ұйықтауда, 1917 жылы Міржақып атамыз қайтсем де қазақты ұйқысынан оятамын деп, азап шеккен еді. Бүгінгі күнге дейін толығымен ояна алмай жатқанынымызға қатты қынжыламын. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтағым ақ келеді. Бірақ, сұрауы жоқ сөз жетім демекші, шығарған ойындарымыз, Қыз Жібек, Мақта Қыз жайлы құнды дүниелерге сұраныстың болмай тұрғаны. Негізінен, өркениеттің жетістігі менікі деген сөзден басталады. Яғни, меншіктікі деген сөз. Сондықтан, менікі болған соң, менікінің жақсы болғаны жөн. Адамзатқа, қоғамға қажетті пайдалы әрі сапалы дүниелерді, мейлі ол техника болсын, тағам түрлері, киім үлгілері болсын барлығын да дамытып жатқан жеке меншіктер. Мысалы, Билгейц, Стивенс Джобс сияқты жеке меншік иелерінің ойлап шығарған туындылары Майкрасворд, Эйплл, тіпті Фейсбукты   алып қараңыз, яғни техниканың бүгінгі жетістігі жеке меншіктің жетістігі, яғни ол бір адамның идеясы, топтың іс әрекетінің жемісі болмақ.
Әлемдік дағдарыстың сіздерге әсері болды ма?
Әрине болды. 2008 жылы жалпы халық та, мекемелер де ақшаларын үнемдей бастады. Қымбат тауарларға қарағанда арзан заттарға сұраныс болды. Биылдан бастап, сауда саттығымыз қайта қалпына келе бастады. Бүгінде біздер үшін дағдарыс біткен сыңайлы. Лайым солай болғай.
Аға буын ретінде болашақ бизнесмендерге айтар тілегіңіз?
Бізге киім секілді міндетті түрде бір зат алу керек. Ол диплом. Бұл меніңше қате ұғым. Қазіргі таңда дипломыңмен қатар, тәжірбие маңызды. Жақсы білетін бағдарламалардың саны көп болуы шарт. Дипломды иеленбес бұрын, мамандығыңды сүйе білу керек. Сүйе білсең ғана, өз кәсібилігіңді дәлелдей аласың. Бизнеске білімнің қажеті жоқ деп қателеспеу керек, ең маңыздысы да сол. Сондықтан, болашақ бизнесмендерге әуелі оқу керек. Содан кейін барып, қажырлы еңбек ету керек. Бастысы сенімі берік, тәуекелшіліктен қорықпаған дұрыс.
Кәсіпкерлікпен айналысамын деп, жар, әке ретіндегі образыңызды бірге атқара алдыңыз ба, әттеген ай деген тұстар болды ма?
Екі ұл, бір қыздың әкесімін. Үлкен ұлым Жапониядағы Токио университетінде техника саласы бойынша білім алып жатыр. Қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгерген. Қызым ҚазҰу-дың экономика факультетін бітірді. Қазіргі таңда Бостонда маркетинг саласын оқуда, кенже ұлым Америкадағы Колифорния университетіңде энергетика мамандығы бойынша оқып жатыр. Міне ұл-қыздарымның білімге деген құлшыныстары менің де әкелік образымның бір жағымды қырын көрсетіп тұр деп ойлаймын. Ал жарым ҚазҰУ-дың билогия факультетін бітірген, ұлты қазақ, қазіргі таңда «Абди» компаниясының баспа ісі жағынан көмекшім.
Өмірлік ұстанымыңыз
Өмірде де, кәсіпкерлікте адал болу.
Сұхбат алушы Айгерім Ердәулет 2012 жыл, қыркүйек

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field