Варшава университетінің профессорларымен бірге
Деканның орынбасары басқарған секция кезіндегі пікірлесу.
Польша. Познань қаласы. Адам Мицкевич атындағы университеттің бас ғимараты. Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Тадеуш Валлас. Осы бір қазақ азаматтарына тән мейрімділікпен адамгершілікке толы қасиеті бар азаматтың Қазақстаннан келген әрбір ғалым, студенттердішын ықласымен жаны қалмай күтетініне дән риза болдым. 251 делегат конференцияға қатысты. Жұмысының көптігіне қарамастан, біздің қазақи қонақ жайлылығымызды еске түсіріп, өзінің туған бауырындай күтіп алып, шығарып салды. Еуропаның төріндегі елдің Қазақ еліне деген көзқарасы, адами қасиеттерін көріп қайран қалдым. Екі жыл қатарынан осы университеттің шақыруымен «Еуропа ХХІ ғасыр» циклінде өтетін конференциясына қатысып келемін. Әлемнің бірнеше мемлекетінен келген қонақтардың ішінде әсіресе, қазақ еліне дегенкөзқарасы ерекше. Мен биыл баяндаманы «Ел имиджі: жаhандану жағдайындағы оның қауіпсіздігі» атты тақырыпта жасадым. Конференцияға қатысқан өзге мемлекеттің саясаткер ғалымдарының Қазақстан еліне деген, оның ішінде Елбасына деген көзқарастары ерекше. Менің еліме деген құрмет, Президет Н.Ә.Назарбаевқа деген керемет оң пікірлерді естіп төбем көке жеткендей болды. Елбасының беделінің халықаралық аренада өте жоғары екеніне көзім жетті. Елімнің имиджі, елімнің тыныштығы, Елбасының даналық саясаты мен беделінде. Кеудемді қуаныш кернеп, Ресей елінің ғалымдарымен біздің ғалымдарды датең жоғары бағалайтынына көзім жетті.Мен Қазақстан елінің азаматы екендігімді мақтаныш тұттым. Польша елінде көрсетілген сый құрметтің барлығыда Елбасының беделі мен кемеңгер саясатының арқасында дер едім.Елім тыныш, Елбасым аман болғай деген тілекпен елге оралдым.
Познань қаласы 2015 жыл ақпан.
Нұржанова Ш.С.