Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Болашақ кілті – білімде

Шарипа Нуржанова Ақпан 20, 2015 0
Болашақ кілті – білімде

Еліміздің ғаламдық бәсекелестігін арттыруда білім және ғылым саласына зор маңыз беріліп отыр. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетудің сенімді тетіктерінің бірі адами капитал сапасын арттыру және инновация болып табылады. Осыған орай білім берудің заманаға лайықталған жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұны мен әдіс-тәсілдері жаңғыртылуда, шығармашыл, ізденімпаз жастарды жастарды тәрбиелеуге баса маңыз берілуде. Мемлекет пен қоғамның табысты дамуына кепіл болатын, болашаққа бағытталған бұл мақсаттар Елбасымыздың   «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауына негіз етіп алынған. Осынау көкейтесті мәселелер ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Алматы қаласы жоғары оқу орындары ректорларының аймақтық мәжілісінің өзегі болды.

Қазақстан университеттерінің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді тұстары талқыланған алқалы отырыста

Бердібек Сапарбаев күн тәртібіндегі күрделі мәселердің бірі-кадр даярлау сапасын арттыруға баса назар аударды. Өскелең ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру, оқыту мазмұнына жаңаша көзарас таныту салаға түбегейлі өзгерістер енгізуге ғана емес, сонымен қатар алдыңғы қатарлы елдермен иық теңестіретін жағдайға жетуге бағытталған. Дуалдық білім беру сияқты оқытудың жаңа технологияларын енгізуге, білім беруді ақпараттандыруға, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуға жеткілікті көңіл бөлу қажет.

Оқыту бағдарламалары елдің үдемелі инудстриялық-инновациялық дамуы талаптарына жауап беру керектігін атап өткен Премьер-министрдің орынбасары бұл орайда ұлттық университеттерге жүктелер жауапкершілік жүгі зор екендігіне тоқталды. Экономиканың алға басуы үшін инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттау, ынталандыру қажет. Бұл саясат елдің серпінді дамуын қамтамасыз ететін озық технологияларды, соның ішінде білім мен ғылымды басқарудың жаңа әдіс-тәсілдерін өмірге жедел енгізуді талап етеді. Сондай-ақ инновациялық-индустрияллық даму стратегиясы негізінде еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды көздейтін «Серпін» бағдарламасын жүзеге асырған жөн. Міне, осыған орай өнімнің, тауардың ғана емес, сондай-ақ маман кадрлардың да бәсекеге қабілеттілігі алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие, деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

       Ұлттық ғылым мен білімнің қара шаңырағы –әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов оқу ордасының алдында тұрған асқаралы міндеттермен, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында атқарылып жатқан сан салалы жұмыстармен таныстырып өтті. Оқыту сапасын жақсарту арқылы болашақ мамандардың баянды білім тұғырын қалыптастыру басты қағидаға айналып отырғанын  атап өткен білім ордасының басшысы ұлттық университет қол жеткізген табыстарға тоқталып өтті. Оқу орнында инновациялық дамуға жеткілікті назар аударылып келеді. Ғылыми техникалық өркендеу мен рухани дамуды үйлестіруді көздейтін «Al-Farabi university smart city» деп аталатын болашақ даму үлгісі ұлы ғалым әл-Фарабидің «Қайырымды қала» еңбегінде негізделген. Ұлттық университет аясында «Алатау» инновациялық-технологиялық паркінің үшінші кезеңі әзірлену үстінде. Осы аталған ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады. Сонымен қатар Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоба- отандық наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. Студенттердің 70 пайызға жуығы ғылыми жұмыстарға тартылған.Міне, осындай жетістіктер негізінде оқу ордасы әлемдегі ең үздік 300 университет сапынан орын алып отыр.

Жиында шығып сөйлеген Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің директоры Давид Эзау оқу орнындағы дуалдық білім беру мәселеріне тоқталды. Радиотехник, автотехник, киім үлгілерін құрастыру, авиациялық тасымал бойынша кәсіби мамандар даярлайтын колледж оқыту үдерісін өндірістік қызметпен тығыз ұштастырып келеді. Әлемдік талаптарға сай келу үшін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялы оқу-материалдық базаны қалыптастыру қажет деп атап өткен Д.Эзау колледж оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері өнім түрінде шығарылып жатқанын атап көрсетті.

Жиын барысында сондай-ақ ілгері дамуға кедергі болып отырған кемшіліктер атап көрсетіліп, олқылықтардың орнын толтыру жолдары ой елегінен өткізілді.

 

Жетпісбай Бекболатұлы

 

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field