Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде факультеттің 4-курс студенті, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы “Жас ақындар” үйірмесінің жетекшісі Марғұлан Ақанның “Көктоғайдан көшкен бұлт” атты алғашқы студенттік жыр-жинағының тұсаукесері өтті.
“Көкжиек” ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен өткен бұл тұсаукесерде факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлына сөз берілді. Факультет деканы жас ақынның алғашқы жыр-жинағына оң баға беріп, “алдағы уақытта осы секілді керемет кітаптардың авторы бол!”,- деген ниетпен өз атынан “Менің ұстаздарым” деген кітабын сыйға тартты. Өмірхан Әбдиманұлынан кейін сөз тізгінің ақын Мұрат Шаймарат алды. Ол өз сөзінде поэзия әлеміне қадам басқан әрбір ақын таза жүрекпен кіріп, пендешіліктен ада болу керектігін баса айтты.
Тағы бір айта кетерлігі бұл кітаптың шығуына “Сұнқар” студенттер кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі демеушілік жасап, қолдау көрсеткен болатын. Бірлестік төрайымы А. Сыдықова Марғұлан Ақан сияқты талантты жастарды қолдауда аянып қалмайтындықтарын жеткізді.
Жинақ тұсаукесерінде ақын жүрегіне жақын жыр жолдарын жиналған жұртшылыққа жеткізді. Жас ақынның бұл кітабы Алматыдағы “Асыл кітап” баспасынан 500 дана тиражбен оқырманға жол тартты.
Серік ТЛЕПБЕРГЕН
журналистика факультетінің 1-курс студенті
Бірінші курс студенттері жазып үйреніңдер. Журналистика факультетінің осы электронды басылымына белсене қатып, қаламдарыңды ұштай беріңдер. Серік! Сен Мұрат ағаңның фамилиясын қате жазғансың. Шаймаран. Аты-жөнді, деректі, цифрды тексеріп алу керек.