Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

«Ана тілі» аруы», «Жігіт сұлтаны» – 2014

Шарипа Нуржанова Қараша 19, 2014 0
«Ана тілі» аруы», «Жігіт сұлтаны» – 2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын бірнеше студенттік жобалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі ҚазҰУ – дың «Ана тілі» газетімен бірлескен жобасы «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауы.
Биылғы байқау да өз сән-салтанатымен ерекше ұмытылмас сәттерге толы болды. Әр факультеттен қатысқан  өнерлі өрендерге «Ана тілі» республикалық газетінің бас редакторы  орынбасары Нұрперзент Домбай  бастаған топ қазылық етті. Сонымен қатар әділ-қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Құрмет»,  «Парасат» ордендерінің иегері, әнші Майра Ілиясова, продюсер Алуа Қонарова,  «Brosh» брендінің негізін қалаушы, дизайнер Ольга Ким,  әнші, композитор  Али Оқапов, актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім, ақын Талант Арынғали, ұлттық бренд дизайнері Жұмағалиев Мүслім,  «Ұшар би» тобының жетекшісі, хореграф Қырғызбаева Мақпал Мұратқызы, дизайнер Асель Абдугани  болды.
Байқаудың негізі ұйымдастырушысы Студенттердің Сенат ұйымы.  Байқаудың  ақтық сынына дейін екі іріктеу кезеңі өтіп,  бірінші кезеңге университетіміздің 300-ге жуық ұл-қыздары өтініш білдіріп, олардың 90-ы екінші кезеңге өткен. Ең өнерлі, талантты, білімді деген 8 жұп таңдалып алынған. Байқау таныстыру, сән дефилесі және сұрақ-жауап сайысы, өнер сайысы,  «Be Free» киім үлгісін көрсету сияқты төрт кезеңді қамтыды.
Сонымен қатар «Ана тілі» аруы» «Жігіт сұлтаны» байқауының тамаша өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерді ерекше атауға болады. Олар: «Ритц Палас» сауда орталығы, «Brosh» аксессуарлар галереясы, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, «Белая Орхидея» гүлдер дүкені, Куаныш Юлдашев фотостудиясы, «Саниямэйкап» студиясы, «Perfect Models» модельдік орталығы, «Некафе» мейрамханалар желісі, дизайнер «Мукажан», «Befree» киімдер дүкені, ҚР Бірінші Президент Ипподромы, «The gentleman»  жаңа киім үлгісі, Мүслім Жұмағалиевтің ұлттық дизайнерлік киім үлгілері болды.
Байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен жеңімпаздардың қай-қайсысы да жүлдесіз, сый-сыяпатсыз қалмады.
Барлық ару, сұлтандар өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Әсіресе, заң факультетінің студенті Пошаев Азамат  пен  философия және саясаттану факультетінің студенті Сәрсембай Шырайлымның  «Ана туралы аңыз» сахналық көрінісі, география және табиғатты пайдалану факультетінің  студенті Молдаш Гүлзаттың «Сарбаздар» әні,   журналистика факультетінің студенті Әбдіқадір Еңлік  Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» қойылымынан қойған үзіндісі, аталған факультеттің студенті  Қабдолданов Әлішердің  «Анаға хат» қойлымы, филология әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аруы Әбдіманап Мадинаның  «Азат елдің аруы» шығармасы, философия және саясаттану факультетінің студенті  Жұбанышов Ақниет суырып салма өнері  халықтың ризашылығына бөленді.
Сонымен байқау қорытындысы бойынша «Brosh» аруы  тарих археология және этнология факультетінен Қадірғалиева Гүлмаржан, «Perfect Models» аруы Халықаралық қатынастар факультетінен Диқанбаева Әсия
лайықты деп танылды. Жүлделі 2-орын физика-техникалық факультетінен  Көпбай Қымбат пен  Баекешев Нұрдәулетке бұйырды. Ал, 1-орын филология әдебиеттану және әлем тілдері факультетінен Әбдіманап Мадина мен журналистика факультетінен Қабдолданов Әлішер иеленді. Байқаудың бас жүлде иегерлері  журналистика факультетінің студенті  Әбдіқадір Еңлік «Ана тілі» аруы»,  философия және саясаттану факультетінің студенті Жұбанышов Ақниет  «Жігіт сұлтаны» атанды.
Байқаудың әділ-қазылар алқасының мүшесі Майра Ілиясова апайымыз айтқандай: «Сіздер барлық атаққа лайықсыздар, сіздердің әрқайсысыңыз бас жүлде иегерісіздер!». Сондықтан барлық өнерлері өрісті жеңімпаздарымызға болашақта да биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз!

Әйгерім Әлімжан,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы.
 

 

 

 

 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field