Қараша айының жетінші жұлдызында журналистика факультеті мәслихатының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» атты кеш өтті. Ректордың бастамасымен ұйымдастырылып жатқан бұл шараға журналистика факультетінің мәслихаты белсене араласты. Шараны журналистика факультетінің деканы Ө.Әбдиманұлы ашып, студенттерге:
– Біз өзіміздің тәнімізден бұрын жанымызды тазартуға , көңілімізден бұрын жүрегімізді тазартуға асығуымыз керек. Сонда ғана адам өзінің адамдығын көрсетеді. Адамды көрген сәтте адам ретінде қарайтындай дәрежеде болғанға не жетсін! Адам мадам жайлы дұрыс ойланса, ертеңі де жарқын, шуақты болады. Біз осыған тәрбилейміз. Әрқашан бір-бірімізге нұр шашып, сәулелендіріп жүрейік, сәуле жарығы болашаққа жол ашсын,-деп ақ тілегін арнады.
Бұл кешке арнайы қонақ ретінде Студенттер сенатының төрағасы Н.Әбдіқадыровпен әр факультеттің мәслихат мүшелері және журналистика факультеті деканының орынбасары Алмагүл Құрманбаева қатысты. Аталған шараны Перизат Ярликасинова пен Санат Әуелтай жүргізді. Бұл кеште ән айтылып,би биленді, көрініс, КВН қойлылымдары қойылды, прозалық өлеңдер оқылып, қобыз тартылды . Кешті өзінің әсем әнімен журналистика факультетінің 2-і курс студенті Мерей Лесхан жандандыра түсті. Айта кететін тағы бір жайт Студенттер Сенатының төрағасы Н.Әбдіқадыровтың әсем күй шырқап беруі. Сондай-ақ, халықаралық қатынастар факультетінің 2-і курс студенті Дархан Сағидуллин сол жерде шабыттанып өлең шығарып,оқып берді. Тіпті, факульттің 1 –курс студенті, ақын, сазгер Дәуір Сағындықов өзінің «Аспанға қараймын…» әнін шырқағанда зал шаттыққа бөленіп, барлығы орындарынан тұрып, қосыла шырқап, қол шапалақтады. Кешке келген барша студенттер мен ұстаздар көңілді көңіл – күймен тарқасты.