Журналистика факультеті студенттерінің шығармашылығын танытатын «Талпыныс тынысы» атты жаңа жинақ жарық көрді. Аталған еңбектің тұсаукесер рәсімі салтанатты түрде авторлардың қатысуымен өтті. Жинақтың жарық көруіне былтырғы жылдан бері қолдау көрсеткен профессор Өмірхан Әбдіманұлы болса, жалпы редакциясын доцент Алма Құрманбаева басқарған. Жинаққа белгілі әдебиеттанушы Нұрдаулет Ақыш алғы сөзін жазып, сондай-ақ тұсаукесер рәсіміне қатысып, жас қаламгерлерге шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар факультет деканы Сағатбек Медеубекұлы: «осындай жинақтар алдағы уақытта да, үнемі жаңарып, сапалы түрде оқырманға ұсынылатын болады» – деп қаламгерлерге сәттілік тіледі. Біз де жас журналистердің қаламдары қарымды, алар асулары биік бола берсін демекпіз.
Әйгерім Әлімжан,
Журналистика факультетінің аға оқытушысы