Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Тіл – ұлттың жаны!

Шарипа Нуржанова Қыркүйек 25, 2014 0

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері мен ұстаздарының ұйымдастыруымен, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Ахет Мамай мырзаның қатысуымен «Тіл- ұлттың жаны! » атты дөңгелек үстел өтті.
тил-3«Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады. »- деген Ахмет Байтұрсынов бабамыздың сөзін тірек еткен Ахет Мамай мырза, бастапқы сөзді, тілдің 1989 жылдың бергі, яғни 25 жыл бұрынғы ана тілдің мүшкіл жағдайы мен бүгінгі мемлекеттік тіл дәрежесін баяндаудан бастады. Ахет Мамай мырзаның айтуынша, дәл сол 25 жыл бұрын Алматыда жалғыз қазақ мектебі жұмыс жасаса, тәуелсіздік алғанға дейін тағы алты мектеп іске қосылып, ал бүгінде олардың саны алпыс алтыға артып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бүгінде халықтың басым бөлігі «Қазақ тілін білу арқылы жақсы жұмыс орнына орналасатына сенімді» -деген пікірдің қалыптасқанын қуана айтты. Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, ұжымның атқарған жұмыстары мен жетістітерін бізге, яғни студенттерге паш етті. Соның бірі әрі бірегейі болып табылатын, «Сыйқырлы қалам» атты бүлдіршіндерге арналған оқулық. Бұл оқулықтың ерекшелігі, балапандарға үйренуге жеңіл, қызықты және қолдануы өте оңай. Ол оқулықтң берері зор боларына Ахет Мамай мырза сене отырып және көңілге қонымды нәтижелері де бар екенін атап өтті. Ең бастысы, аталмыш оқулықтың тақырыптары балаларды патриотық сезімге тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді оятып, қазақы тәрбиеге баулиды. Сыйқырлы қалам екі тілде сөйлейді, олар: қазақ тілі және ағылшын тілі. Бүгінде ол оқулықты барлық балабақшалар иемденген. Тағы бір жемісті жұмыстың нәтижесі болатын «Қобыланды батыр», анимациялық мультфилімін көрсетті. «Бұл мультфильм арқылы біз балаларды қазақтың эпостық –батырлық жырларын оқуға дайындаймыз.»-деді, Ахмет Мамай.
тил-4Алматы-мегаполис .Алматты үздіксіз қозғалыстың қаласы. Алматы нағыз бәсекелестік орта қалыптасқан шаҺар. Бұл қала толған жарнамалар мен жазбалар, афишалар мен банерлер, брошюралар мен ескертпелер.Міне, сол миллиондаған қағаздарда қазақ тілінің қатесіз жазылуына осы тілдерді дамыту мұрағаттар және құжаттама басқармасы жауапты. Кішкентай ұжым күніне сансыз қатені түзеп, тапсырыстарды қабылдап, қаланың қатесіз жазылуына тыңбай еңбек ететіндерін атап өтті. «Түзетілген миллион қатені көрмей, бір-екі қатені байқап ,сын айтушылар көп»- деді Мамай мырза, расымен солай-ақ дұрысты көрмеген көздер, бұрысты бірінші көреді. Ойлана келсем, осынау алып қаланың сансыз көшелеріндегі сан мың қатені түзеп, ономастикалық өзгертулер орнатып, қаламыздың алып тұлғаларының үйлеріне ескертіш тақтайшалар орнату, тағысын-тағы көзге көрінбей тұрған жұмыстар үздіксіз еңбек пен қажырлы қайратты талап етеді екен. Әсем Алматының көшелеріне мән бере қарасақ, жасалған жұмыс пен жеткен жетістіктің мол екенін аңғару әсте қиын емес. Кездесудің орта белі үш тұғырлы саясатты жақтаушылар мен даттаушылар болып екіге бөлініп, кемел ойды дамытар, пікірталасқа ұласты. Белсенді студенттер, ең қымбат сыйлық- кітапқа ие болды.
тил-2Тіл жанашыры, Ахет Мамай мырза әрдайым студенттер үшін тіл басқармасының есігі ашық екенін және болашақта тығыз- қарым-қатынаста болатынын айтып, жылы лебізін білдірді.
Бұндай кездесулердің ақпараты мол болды, бастысы еленбейтін еңбектің көп екенін көрсетті.

Журналистика факультетінің
3 курс студенті, Айтбай Гүлімжан

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field