19-шы қыркүйек күні ҚазҰУ баспасөз клубында Республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің 80 жылдық мерейтойына орай М.Сералин атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен аталмыш басылымның жас журналистерімен кездесу кеші болып өтті. Кездесуге ақын, сыншы- Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, жас жазушылар – Алмас НҮСІП пен Әлібек БАЙБОЛ қатысты.
Кештің мақсаты- Қазақ әдебиеті газетінің кешегісі мен бүгініне үңілу, өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, көкейде жүрген сауалдарымызға жауап іздеу.
Алғашқы сөзді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек алып, басылымға өз тілегін білдірді. Шара барысында ән айтылды, күй шырқалды. Сондай-ақ факультет студенттері өз өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.
Кеш соңында бірлестік жетекшісі – Мұрат Шаймаран жиналған қауымға ризашылығын білдірді.