Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қосылған Әбжанов. “Телевизиялық фильмдер”

jurfak Наурыз 25, 2013 0
Қосылған Әбжанов. “Телевизиялық фильмдер”

Автор: Қосылған Әбжанов

Оқу құралы: “Телевизиялық фильмдер(Табиғаты, тарихы, шығармашылық сипаты)

 

Бүкiл әлемдегi телеарналардың қайсысын алсаңыз да, олар телевизиялық фильмдерсiз өмiр сүре алмайтыны баршаға аян. Және оның үлес-салмағы үй экранындағы тәулiктiк көрсетiлiмнiң үштен бiрiдей. Осының өзi телефильмнiң қаншалықты маңызды екенiн байқатса керек. Ендеше, кино мен телевизияның арасына дәнекер болып тұрған киношығармашылықтың бұл түрiн танып бiлу – жалпы телекөрермендерге қажет. әсiресе, тележурналистер мен сол мамандықты еншiлеген студенттерге телефильмнiң табиғатын, шығармашылық болмысын терең меңгеру қажет-ақ.

Өйткенi, экрандық шығармалардың бейнелi-баяндау құралдарын барынша жетiлдiрiп қалыптастырған телефильмнiң түп негiзi саналатын кинематография. Осы өнер саласының қайраткерлерi көп жылдық iзденiстерi мен тәжiрибелерiнiң нәтижесiнде, бүгiнде қалың көрермен қиналмай түсiнетiн кинотiлдi дүниеге келтiрдi.

Телевизия да осы көрiнiс пен дыбыстың орайласа қабысуынан туындайтын баяндаудың түрiн еншiледi.

Ұсынылып отырған оқу құралы осы кинотiл мен телетiлдiң ұқсастықтары мен ерекшелiктерiн қарастырады. Ол үшiн алдымен кино жасау өнерiнiң қашан басталып, қалай қалыптасқаны турасында қысқаша шолу жасалады.

Қазақстанда 1967 жылдан бастап, телефильм жасау iсi қолға алынды. Бұдан екi жыл кейiн «Қазақтелефильм» студиясы жеке шаңырақ көтердi. Кинотаспамен жұмыс iстеген бұл студия жиырма бес жылда екi мыңнан аса кинотуынды бердi. Олардың денi деректi фильмдер болғанымен, студияда көркемсуреттi және мультипликациялық кинотаспа да түсiрiлдi.

Қазақ телефильмдерi өнер қайраткерлерiнiң таңдаулы өкiлдерiн киноға түсiрiп, мұрағат ретiнде қалдырды. Олардың iшiнде Одаққа белгiлi актерлар, кәсiби әншi-бишiлер, дарынды әуесқой өнерпаздар бар. Мiне осындай елдiк тарихымызға маңызды жұмыс атқарған “Қазақтелефильм” студиясының шығармашылары жайында осы оқу құралы тың мәлiметтер бередi.

Кiтаптың екiншi тарауы телефильмдердiң жұмыс тәжiрибесiн талдау арқылы ашып көрсетуге арналады. Солардың iшiнде экрандық шығармалардың жазба түрдегi жұмыстарын зерттеп-зерделеуге ерекше маңыз берiледi. Фильм өндiрiсiндегi қаламгерлiк iстiң жалпы журналистикамен байланысы, ара-қатынасы, сабақтастығы мен ерекшелiктерi сарапталады.

Сценарий мен ұсыныс-пiкiр туралы кейбiр маңызды мәселелер терең талданып, бiршама теориялық тұжырымдар берiледi.

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field