Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Шарипа Нуржанова Тамыз 30, 2014 0
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Қ Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Конференция тақырыбы: «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі. Үндеулер. Үрдістер. Мүмкіндіктер»

Өтетін күні: 26 қыркүйек, 2014жыл. Басталуы 10.00-де.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, профессор Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залы /230 ауд/.   

Конференцияда талқыланатын мәселелер :

Бұқаралық коммуникацияның  отандық және әлемдік жүйесін зерттеулердің жаһандық және ұлттық үндеуі ;

– Ақпаратты-коммуникациялық нарық:  бәсекелестік және рейтинг;

– Сандық медиакоммуникация ғасыры;

– Журналистиканың болашағы. Ақыл немесе серпін – қайсысы жеңіске жетеді?

– Медиабілім: шығармашылық, өлшемдер және маркетингтік бақылау;

– Профессор С. Қозыбаевтың  ғылыми зерттеулері мен публицистік шеберлігі.

 

Профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев- Қазақстан ғылыми журналистикасының және  білімнің негізін қалаушылардың бірі, белгілі қаламгер, ғалым және еліміздің  журналиститика саласындағы бірнеше ұрпақтың ұстазы. Ол Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, алты мәрте Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық Журналистер Федерациясының құрмет дипломының иегері, сондай-ақ  ҚР саяси ғылымдар Академиясының академигі (1997), және оны ұйымдастырушылардың бірі болып табылады, оның бастауымен Қазақстан журналистер Академиясы құрылып, өзі алғашқы президенті болған (2001). Академия тағайындаған «Алтын Жұлдыз» және  «Алтын Самрұқ» сыйлықтары  журналистиканың  жоғары дәрежелі мемлекеттік  сыйлықтары болып табылады.

Конференция жұмысына қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері, бұқаралық коммуникацияны зерттеуші ғалымдар, оқытушылар мен студенттер, еліміздегі университеттердің  магистранттары мен докторанттары қатысады.

Ғылыми жиын материалдары жинақ түрінде жарық көреді.

ЖАРИЯЛАНЫМ:

Жарияланымның негізгі шарты – конференцияда баяндама жасау. Конференция жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама және конференцияда жасалған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында және электронды нұсқада e-mail Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, maikotova.040571@mail.ru пошталарына 2014 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жіберіледі.

Мақала баспадан шығу үшін төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу  формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Параметрлері: жоғарғы жағы-2 см,  төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт:  Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. 1 – аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім  тәртібіне сәйкес  жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін  көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады.

Автор және тақырып жайындағы мәліметтерді келесі нұсқа бойынша жіберуіңізді өтінеміз:

 

Фамилия А.Ә.

ЖОО (қысқартылған атауы),

ғылыми дәрежесі, қызметі

қала, ел

Мақаланың тақырыбы

 

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

 Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2014 жылдың 10 қыркүйегіне  дейін.

Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1.Тегі,аты-жөні (толығымен)____________________________________

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________

3.Мекемесі, лауазымы____________________________

4.Мекен-жайы__________________________________

5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________________

6.E-mail_______________________________________

7. Мақала тақырыбы____________________________

 

Қатысу мақсаты:

Конференцияда баяндама жасау                 
Конференцияға  тыңдарман ретінде қатысу           

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ, әл-Фараби, 71

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Баспасөз және электронды БАҚ  кафедрасы

меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева

Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351

Мақаланың электронды нұсқасын (баяндама) мына e-mail-ға жібере аласыз: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz,

 

Баспасөз және электронды БАҚ  кафедрасы

меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Майкотова

Телефон: (8-7273) 77 33 40 қосымша 1351;   maikotova.040571@mail.ru 

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field