Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

ҚазҰУ – журналистика ұстанаханасы

Шарипа Нуржанова Маусым 21, 2014 0

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы – Ертай Айғалиұлынан алған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.

Ертай– Егер журналист мамандығын таңдамағанда, қазір кім болып істейтін едіңіз?

– Балалық шағымда арман-мақсаттарым көп болатын. Ең бастысы – геолог болу. Туған жерді, атамекенді аралап, байлығын зерттеу болды. Жалпы журналистика мамандығына жақын. Бірақ кенеттен бетбұрыс болды: мен туып-өскен ауылда (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы) су таситын едік. Сосын неге осы мәселе жайлы жазбасқа деп ойландым. «Ауыз судың азабай» деген мақаланы газетке жазып жібердім. Содан кейін тексеру өткізді. Бесінші-алтыншы класста оқып жүргенмін… Тексеруден кейін екі-үш ай ішінде су құбырын жүргізді. Осы оқиғадан кейін мені елімде сары бала бізге су жүргізуге көмектескен деп әлі де еске алады. Бұл еліме журналист, тілші ретінде жасаған ең бірінші ерлік.

Екінші армандаған мамандық  –  жазушылық. Журналист бола жүріп, проза жазып, бағымды сынадым. Балаларға арналған «Жалынның жабық бәйгесін» жеңдім. Бұл бәйгеге кезінде Оралхан Бөкей, Тынымбай Нұрмағамбетов, Марат Қабанбаев сияқты жазушылар жеңген. Қазіргі таңда Құдайға шүкір кітаптарым шығып жатыр…

–          Осы күнге дейін есіңізге алатын сүйікті мұғаліміңіз бар ма(университет)?

– 1971 жылы оқуға түстік. Журналистика факультетіне құжат тапсырдық. Бірақ әділсіздік болып, байқаудан өте алмадым. ҚазҰУ-дың алдында тұрғанда бір адам келіп, періште сияқты көмектесті. Сөйтіп сырттай бөлімде оқып жүріп, аудандық газеттерде жұмыс істедім. Бұл маған өмірлік мағлұматтарды көп алуыма игі әсері тиді. Марат Барманқұлов менің ұстазым болатын. Жалағаш ауданық газетінде екі жылдай жұмыс істедім. Әскерден кейін қайтадан оқуға түстім. Факультет деканы Темірбек Қожакеев маған қолдау көрсетті. Қамқорлық жасап, мен сырттай оқу бөлімінен іштейге өтуге көмектесті. Тауман Амандосов та маман болуға қол ұшын беріп, оқуды өте жақсы бітіріп шықтым.

– Студенттік жылдарда болған есіңізде қалған оқиға бар ма?

– Студенттік жылдар – ең қызық жылдар. Ілияс деген досымның туған күні болды. Біз оған туған күн жаса, ал біз сыйлық жасаймыз деп келістік. Сыйлық ретінде ақша шығарып жеңіл ішкиім алып, оны газетпен орадық.  Ол кезде 40 рубль стипендия алатын едік. Барлығын атап болғаннан кейін сыйлықты бердік. Досым жылап жіберді…

–          Болашақ журналистерге нағыз шебер болу үшін қандай кеңес бересіз?

–          Сейдахмет Бердіғұлов редактор болған «Лениншіл жас» газетінде жұмысымды бастадым. Мені секретариаттық жұмысқа алды. Басында ренжідім. Өйткені бөлімде болғым келді. Бірақ дәл сол жерде секретариаттың майын іштім деп айта аламын. Газетті безендіруді үйреніп, игердім. Мақаланы тек қана жазбай, оны беру формасын жақсылап ойлану қажет. Егер журналист макет жасай алмаса, ол мүгедек журналист деп ойлаймын. Екіншіден, нағыз журналист болу үшін ел аралап, халықпен араласуы керек. Кабинеттен тыс шығып, халықтың жағдайын сұрастырып, өз көзіңмен көргенге не жетсін. Үшіншіден, әрқашан ізденісте, мақаланың жаңа формаларын ойлап табу болу керек. Қатып қалған нәрселерден аулық болған жөн. Материалды беру жолдарын қарастырып, қызықты, оқуға тұрарлық мақаланың, ең бастысы, тақырыбын дұрыс беру керек.

– ҚазҰУ биыл 80 жасқа толып отыр. Қандай тілек білдіресіз?

ҚазҰУ – журналистика ұстанаханасы. Жастық, студенттік шағым өткеннен жүрегіме ыстық. Қолымыздан келгенше мерейтойға өз үлесімізді қосып жатырмыз.

Шаңырағы биік, болашағы жарық, мықты шәкірттер саны көбейсін!

Алтынай АЙТБАЕВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

журналистика факультетінің

2 курс студенті

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field