Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Қара шаңырақта өткен жылы жүздесу

Шарипа Нуржанова Мамыр 25, 2014 0
Қара шаңырақта өткен  жылы  жүздесу

АсембаеваКөктемнің шуақты күндерінің бірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенттері жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесті. Қазақтың аты аңызға айналған батыры Бауыржан Момышұлының  келіні жастардың көкейінде жүрген сауалдарға аса үлкен зейінмен жауап берді. Жазушының туған жер мен ел, тіл мен дін, қоғам мен адам туралы айтқан әңгімелері жастар үшін үлкен әсер қалдырды. Болашақ журналистерді қандай тақырып болмасын, алдымен оны терең зерттеп болған соң ғана жазуға шақырды.

«Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» атты кітаптарын оқыған студенттер де сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Бұл кездесу жастардың жүрегіндегі жарқын сезімдерді оятты. Зейнеп апа «Шуақты күндер» атты кітабында «Алдағы өмірдің қалай боларын уақыт көрсетер, ал осы күнге дейінгі өткен өмірімнің ішіндегі ең мәнді, мазмұнды болған кезеңі  атамның алдындағы аз жылғы титімдей еңбегім еді» деп жазғандай, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының адамгершілік қасиеттерін кейінгі ұрпаққа насихаттап келеді. Біздің қыздарымыз осы кітапты оқу арқылы отбасының бірлігін сақтау, үлкенді қадірлеу, махаббатты аялау, өзін-өзі сыйлау, қоршаған ортадағы адамдарды сыйлау сияқты  жақсы қасиеттерді бойына сіңірсе, қазақтың қызы деген атқа лайық болар еді. Ал, халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін…» деп жігіттерді жігерлі болуға шақырады. Бүгінгі біздің қоғамымыздағы көптеген мәселелер отбасындағы, балабақшадағы, мектептегі баланың тәрбиесіне байланысты болып отыр. «Тәрбие басы – тал бесік» демекші, қыздарымыздың қылықты, ұлдарымыздың ұлықты болуына үлкен көңіл бөлуіміз керек. Зейнеп апаның да кездесуге келген жастарға осы тақырыпта айтқан ақыл-кеңестері мол болды.

Бірінен соң бірі сұрақ қойған студенттерге ол батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеуге, ел үшін аянбай қызмет етуге шақырды.

Кеш соңында студенттер қолтаңба алуға асықты. Зейнеп апа өз қолтаңбасымен бірге жастардың бойына ізгілік пен өмірге деген құлшыныстың нәрін сеуіп, туған елге, жерге, тілге деген махаббат алауының мәңгілік өшпейтініне сенімділік ізін салып кетті…

 

Журналистика факультетінің аға куратор-

 эдвайзері Бақыт Әсембаева

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field