Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

jurfak Желтоқсан 3, 2013 0
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                            «Елдің интеллектуалды әлеуеті»

мемлекеттік бағдарламасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР БҰҰ арасындағы академиялық ықпал ету келісімі аясында Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция,  Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, 11 желоқсан 2013 ж.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы  қолдауымен 2013 жылы  11 желтоқсанда «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

j        «Білім – Ғылым – Инновациялар» үштігі: постиндустриалдық әлемнен білім қоғамына қарай бетбұрыс;      

j        «Қазақстан 2015 жылдан кейін» даму бағдарламасы жүзеге асуындағы ақпараттық стратегияларды жобалау  және коммуникативтік үндеулер;

j        Халықаралық мәдениеттер тоғысы онжылдығы мақсатын орындауда  академиялық ықпал ету және ғылыми инновациялық ынталандыру; 

j        Ұлы Жібек Жолынан – Қазақ ренессансына: визуальдық, ақпараттық-сандық қорларды сақтау, көбейту және жариялау; 

j        Қазақ елінің материалдық емес құндылықтарын зерттеу, сақтау және жарияланымдау мәселелері, бүгіні және таяу болашағы.     

 

Қосымша ақпарат: ҚР БҒМ «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландырылуымен, ҚР БҰҰ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық келісім аясында 2013 жылы 20 маусым 3 шілде аралығында «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде зерттеулер жүргізді.

Конференция жұмысында ғылыми экспедиция нәтижелері бойынша жарық көрген «Рухани қазына» атты ұжымдық монографияның, «Қазақстан халқының материалдық емес құндылықтары» атласының (1 бөлімі), ЮНЕСКО-ның «Бейнефильмдерді өндіру негіздері» сериясы бойынша  «Камера. Дыбыс. Монтаж» және «Шынайылық деректері» видео оқу құралдарының қазақ тіліне дыбысталған фильмдерінің таныстырылымы өтеді.

 

ЖАРИЯЛАНЫМ:

Жарияланымның талабы – конференцияда баяндама жасау. Конференция жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама және конференцияда жасалынған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында электронды нұсқада e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, Galia.Maikotowa@kaznu.kz 2013 жыл 5  желтоқсанға дейін жіберіледі.

Мақала баспадан шығу үшін төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу  формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows -те орындалуы тиіс.

2. Параметрлері: жоғары -2 см,  төмен -2см, сол жақ -2см, оң жақ- 2 см.

3. Шрифт:  Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. Бір аралық жолмен. Жаңа жол: 1 см.

5. Бір аралық жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім  тәртібіне сәйкес  жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «тік» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес нөмір қойылады. Сілтемені қолданғанда дереккөздің бетін  көрсету керек. Мысалы: [ 1, 12 б].

 

Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады.

 

Жарияланым мынадай тәртіп бойынша орындалуы тиіс.

 

Тегі А.Ә.

ЖОО (қысқартылған атауы),

ғылыми дәрежесі, қызметі

қала, ел

Мақаланың тақырыбы

 

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2013 жыл 5 желтоқсанға дейін. Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі.

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

  1. Тегі, аты-жөні (толығымен)____________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________
  3. Мекемесі, лауазымы__________________________________________
  4. Мекен-жайы_______________________________
  5. Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)_________

6.E-mail______________________________________________________

7. Мақала тақырыбы____________________________________________

Менің мақсатым:

Пленарлық баяндама жасау                                                         
Секциялар мәжілісінде баяндама жасау                                                
Конференция жұмысында тыңдарман ретінде қатынасу         

 

ТІРКЕУ ЖАРНАСЫ

Конференция жұмысына қатысу, конференция жинағында  жариялану – тегін

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Телефон: (8-7273) 77-33-33, 77-33-38 қосымша 1351

Моб: 87011527488, 87027444702

E-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, Galia.Maikotowa@kaznu.kz

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field