Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Баспасөз баяны

jurfak Қараша 23, 2013 0
Баспасөз баяны

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер клубы ашылады. 26 қараша күні клубтың тұсауы кесіліп, алғашқы жиыны өтпек. Шараға журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.д, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, іскер журналистика өкілдері қатысады.

«Қазіргі кезде қаржы, экономика тақырыбында жазатын журналист, блогшылардың тапшылығы байқалады. Ал, халықтың қаржылық, экономикалық тұрғыда сауатын арттыру үшін ең алдымен БАҚ-ы қаржы тақырыбын сауатты көтеру қажет. Бұл ретте  біз жас журналистердің қаржы, экономика тақырыбын меңгеруіне көмектесуді жөн көрдік. Жас журналистер алғашқы тырнақалды мақалаларын арнайы ашқан блогтарында, үздіктері БАҚ-да жарияланатын болады. Бұл арқылы жас журналистер жаңа медианы да меңгереді»,- дейді  «kaspi bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының бас маманы Ербол Азанбек.

Жас журналистер клубының отырысы айына 2 рет өткізіліп тұрады. Онда клуб мүшелері түрлі банктердің өкілдерімен, қаржы сарапшыларымен кездесіп, арнайы дәрістер тыңдамақ. Жас журналистердің қаржы тақырыбын меңгеруіне «kaspi bank» АҚ сарапшылары қолдау білдіріп отыр.

Құрметті БАҚ өкілдері 26 қараша күні 12.00-де өтетін «Қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер клубының» ашылуына қатысып, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз!

Мерзімі: 26 қараша 2013 жыл

Шара уақыты: 11.00

Өтетін орын: ҚазҰУ, журналистика факультеті, 230 аудитория.

Қосымша ақпарат үшін:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Ә. Әлімжанова

Тел: +7273773334 (1351), +77073909790

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field