Өмірдің бұралаң сынағы көп. Бірақ, сол соқпаққа толы өмірдің бұралаң жолына бастайтын алғашқы жол да студенттік өмірден басталады. Ол сені тәрбиелейді, үйретеді, шынықтырады, керек десеңіз осы күнге дейін оңай болып келген талай істің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді. Мұның барлығын енді өзің бастайсың, өзін жүзеге асырасың. Сен енді азаматсың!Халқынның, еліннің, жеріннің ертеңгі тірегі болар болашағысың. Сол үшін сен білім аласың, білім алып, мамандықтың қыр-сырына қанығасың. Жүрегін қалап түскен сол мамандық бойынша ертеңгі ел болашағына еңбек етесің. Міне, студенттік өмірдің парасаты мен пайымы. Ал,сол бір керемет шақтың шұғылалы шуағына шомылып, шаттықпен күн кешіп, білімгер атанып, рухани әлемін кеңейтіп жатқан студенттерге арналған арнайы күн бар. Ол қарашаның 17-ші жұлдызында келетін Халықаралық студенттер күні еді.
Енді осынау мерекенің тарихына дереккөздер арқылы сүйеніп көрсек. Халықаралық Студенттер Күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен 1939 жылғы 17-қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17-қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне “халықаралық студенттер күні” деп атау бекітіледі. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17-қарашада Лондон қаласында өткен.
Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыстағы (ЕДС) Чехословакия студент жастарының қасіретімен тығыз байланысты.
Тарих осылай дейді. Ал, біз үшін студенттік өмірдің қиындығы мен қызығы, салтанаты мен сәні ерекше. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сіздерді Журналистика факультетінің www.jurfak.kz сайты мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды. Білімде биіктеп, көкжиектеріңіз кеңейе түссін! Төл меркелеріңіз құтты болсын, студенттер!
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,
www.jurfak.kz сайтының тілшісі