Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы ҚР Ұлттық-мемлекеттік Кітап палатасымен бірлесіп 2013 жылдың 14 қарашада “Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттырудағы баспа ісі және электронды басылымдардың рөлі”атты республикалық конференция өтті. Конференцияға профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар шақырылды. Конференция мынадай бағыттар жұмыс істеді:
1. Интеллектуалдық әлеуетті арттырудағы баспа ісінің және электронды технологияның рөлі және болашағы.
2. Қазіргі баспа ісіндегі инновациялық технологиялар.
3. Баспа ісі және электронды басылымдар мамандарын даярлау мәселелері.
4. Баспа ісін дамытудағы халықаралық байланыстардың рөлі.
5. Қазақстандық және шетелдік баспа ісінің тарихы, қазіргі жағдайы және келешегі.
6. Қазақстандағы баспа ісі және электронды басылымдардың құқықтық, философиялық және әлеуметтік мәселелері.
Табиғат ТӨЛЕГЕНТЕГІ