Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қоры студенттерге арнайы шәкіртақы тағайындап, республикалық байқау жариялаған болатын. Дәстүрлі байқау биыл төртінші рет өтіп отыр. Күні кеше ғана оның жеңімпаздары анықталды. Шәкіртақы студенттердің оқу мен ғылыми-
Айта кетерлігі бұл жылғы байқауға қатысқандар саны жылдағыдан артып келеді. Биыл шамамен байқауға республиканың түкпір –түкпірінен, айталық Тараз, Қарағанды, Теміртау, Орал, Астана, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан өтініш білдірген. Бүгінгі шараға бағалау коммисиясының әділ шешімен 80 студент жеңімпаз атанып, Тұңғыш Президент қорының стипендиясын жеңіп алды. Бұл стипендия бір жылғы оқу мерзіміне беріледі.
Шарада сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов: «Жастар –елдің ертеңі. Ол өмір заңдылығы. Десек те, жастардың білім мен ғылымға, шығармашылыққа деген құштарлығын ояту біздің мақсатымыз. Бұл туралы Елбасымыз да жыл сайын өзінің жолдауында айтады. Бүгін жетістікке жетіп отырған жеңімпаздар сол үміттеріміз, ертеңгі тіректеріміз, қорғандарымыз. Демек, біздің еліміздегі ЖОО-да білікті, білімді мамандар өсіп келеді»,-деп жастарға сенім артты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының биылғы шәкіртақысына ҚазҰУ-дың 8 студенті: Ж.Әбдібек, А.Алышынбаева, Д.Балабекұлы, Н.Сейдаханова, С.Қосжанова, Г.Өміралиева,Ұ.Жармұхамедов, А.Щевченко ие болды. Шарадан ерекше әсер алған журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасының 3 курс студенті Досжан Балабекұлы: «Мен ректор гранты бойынша оқимын. Тегін білім алып жатырмын, бірақ арманым шәкіртақы алсам деген ой еді. Бүгін сол арман орындалып отыр. Жастарға қолдау көрсетіп отырған Елбасымызға рахмет! Игілікті шараға шыр бітіріп отырған қор басшылығы мен ұйымдастырушыларға, коммисия мүшелеріне өз ризашылығымды білдіремін. Білім мен шығармашлығымдағы жетістіктерге оң көзқарас көрсеткен үшін алғысымды айтқым келеді. Менің осындай жетістіктерге жетуіме үлес қосқан университетімдегі ұстаздарымды мақтаныш тұтамын»,-деп с көпшілік алдында ақ тілегін жеткізді. Ал, келесі стипендиат Жәния Әбдібек: «Бүгін екінші мәрте Елбасы, ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев тағайындаған арнайы стипендияның иегері атандым! Стипендия университетіміздің ғылыми және қоғамдық өмірінде белсенділік танытқаным үшін берілді. Әрине,бұл ең алдымен, Алланың бұйыртқаны болса, екіншіден ұстаздарымның бағыт-бағдар көрсетіп, ғылыми жұмыстар байқауына үнемі талаптандырып, қатыстыруының жемісі деп білем. Сондықтан, ұстаздарыма алғыс айтамын! Бірінші Президент қоры 2010 жылдан бері студенттерді ынталандыру үшін осындай арнайы шәкірақы тағайындап келеді. Биыл қорға 400 өтініш келіп түссе, соның 80-і үздік деп танылып, стипендиат атанды. Оның ішінде топтасым, әрі құрбым Әсем Алшынбаева мен «Баспа ісі» мамандығының 3-курс студенті Досжан Балабекұлы да бар. Оларды да бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтағым келеді!». Осындай игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Қарлыға Мысаева,
Қарлығаш Мергенбаева,
Журналистика факультетінің ұстаздары