Оқу құралында телерадиожурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты теориялық және тәжірибелік негізде жан-жақты талданды. «Тікелей эфир» ұғымына ғылыми анықтама берілді. Еңбекте тікелей эфирдің тұрақты қызмет жүйесіне айналып қалыптасу кезеңі, сонымен қатар, технологиялық процесс ретінде кәсіби-шығармашылық әдіс-тәсілдерді игеріп, дамыту жолдары қарастырылды.
Кітап журналистика факультетінің студенттеріне, тікелей эфир жүргізушілеріне, тележурналистика мен радиожурналистикадан дәріс беретін оқытушыларға арналған.
Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттың уақыт кеңістігін еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол турғыда алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда радионың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, радиодағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында тыңдарман талғамы да айтарлықтай өзгерді…
Керемет
Кітапты қалай сатып алуға болады
Өскеменде тұрамын
Амансыздар ма? ал мына оқулық қолға түсе бермейтін құнды дүние екен. Бұны қалай қолға түсірсе болады? Кітапханадан бір мәрте көріп қалдым, бірақ сатып алуға еш жерден кездестірмедім. шығарғасын молынан шығарыңыздаршы өтініш….