Bookmaker artbetting.co.uk - Bet365 review by ArtBetting.co.uk

Bookmaker artbetting.gr - Bet365 review by ArtBetting.gr

Germany bookmaker bet365 review by ArtBetting.de

Premium bigtheme.net by bigtheme.org

Гүлмира Сұлтанбаева. Түркі өркениетінің шежіреші-жаршысы

jurfak Мамыр 29, 2013 0
Гүлмира Сұлтанбаева. Түркі өркениетінің шежіреші-жаршысы

Гүлмира Сұлтанбаева,

            с.ғ.д., профессор

 

Өркениет – адамзат құрған игілік пен жақсылықтың ошағы. Әлемде әр елдің, әр ұлттың, әр халықтың өткені бүгінге – сабақ, ерт еңге – жол. Осы сабақты үйреніп, әрі оны шәкірттеріне үйрете білген, осы жолға дара да даңғыл із сала білген ғалымдар қатарында Марат Кәрібайұлы тұр. Ғалымның салған жолы сан  тарау. Ол камерасы мен қаламын қару еткен журналист те, заманына көсем сөзін айтқан публицист те, тарихты таразылаған шежіреші де, елін  ертеңін  айтып кеткен жаршы да бола білген дара да  дана тұлға.

Түркілердің квадронациясы идеясын алғаш айтқан ғалым Марат Кәрібайұлының түркітану саласына қосқан еңбегі ересен. «Қазіргі заманғы футурологтардың арасындағы квадронация» еңбегі оның түркітану саласындағы зерттеулерінің қорытындысы, тұжырымдамасы іспетті.

Профессор «Квадронация» еңбегінде аталмыш ұғымға тарихи және саяси мән береді. Адамзат жетістіктерінің синтезі ретінде квадронация ұғымы былайша қарастырылады. Көне үнді-гректер, үнді-скифтер қалайша бір-бірімен тығыз байланыста болды, біріне-бірі қалайша сіңісті, бір ортаға қалай айналды? Міне, квадронациялау ұғымының төркінін ғалым тарихтың осы кезеңінен іздейді. Түркілер мен ауғандардың бір кездері үнді тағында мықты одақ болғанын дәлел етеді. Бұл одақты «ассимилация не индианация» үдерісі өзіне баурап әкеткенін шежіре етті.

Синтез мәселесін халықтар рухынан құралған жауһар тәж деп санаған ғалым, оны жетістіктер мен озық ойдың, өнімді еңбектің алуан түсті кемпірқосағына теңеді.

Низами шайырдың поэмаларындағы мадақтан тұратын түркі тақырыбы сидтіктер тілінде – әдебиет пен поэзияның тілінде жазылғанын  арқау еткен ақынның араб тілін ғылымы мен дін тілі ретінде қабыл алғанын, грек тілін философия тілі ретінде жақы тұтқанын – синтез деп таныды.

Түркілердің алдында барлығынан озық болу үшін де өзінің қолындағыны беру керек болды. Міне, бұл – түркілер күткен синтез еді.

Тарихтың сахнасына келген Үнді императоры Акбар түрік, балалары Жаһангер мен Шах жаһан келді. Әлемде, нақтысы Францияда Версаль салынып жатқанда Аграда Тәж-Махал мавзолейі бой түзеді. Бүл әлемдегі жаңа  архитектураның өн бойына үнді идеалдары, парсы өрнектері, түркі армандары қосыла өрілген болатын. Француз ғалымы Груссе бұл керметті: «Үнді денесіндегі Иранның жаны», – деп теңеді. Көсемсөзші-тарихшы ғалым әлемнің кереметін дүниге әкелген рухты да синтезге телиді.

Ғалым көсемсөзбен жеке-дара сипаттап, шежіремен баяндап берген тарихтардың астарында бүкіл шығыс мәдениеті, өркениетінің эволюциясы жатыр. Ол шығыстің дамуын батыстан бөлек қарастырмайды. Керісінше,  бұл екі әлем екі жарты бір бүтін құрып, өркениеттің тас қамалын, асыл армандарын құрғанын баян етті.

«Газнилер арманында» Үнді елінде түркілердің адамзаттың озық жеістіктерінің храмына айналдарған Махмұд сұлтанды,  «Квадромемлекеттер ішіндегі билингвтер» хикаятында симбиоз-мемлекеттер құру – түркілердің асыл арманы болғаны баянға айналады. Моңғолдар жерін билеген Иван хан тарихынан Шыңғыс хан тарихына дейін шежіре түзіліп шыға келеді. Бұл Марат Барманқұловтың тарихты көсемсөз тіліне айналдырғанын, сандармен емес адамзат жетістіктерінің амплитудасы ретінде сипаттайды.

Соның ішінде көне түркі тілінің шығу төркіні жайлы да ғалым қызық тұжырымдар келтіреді. Мәселен, семийлік және үндіарийлік тілдер біріге келіп, көне түркі тілі – эламиттер тіліне негіз болды дейді. Ахмеинидтер мемлекетінде Иран аумағындағы ресми тіл осы – эламит тілі болған-ды. Бұл – б.д.д. VI-IV ғғ. еді. Көне және ежелгі элам-аккайда қарым-қатынастары арасындағы синтез б.д.д. XXIV-XXVII ғғ. пайда болды. Бұның дәлелі ретінде ғалым үш түрлі жағдайды баян етеді. Аккайдалықтар жазбаларындағыдай эламиттердің тілінде желілік буындардың қолданылуы, ынтымақтастық туралы шарттың болуы,  сосын билингвтер. Элам және семиттіктер тілін синтезі, элам және парсы тілдерінің Александар Макендосний дәуірінде өшігені осы тұспен пара-пар.

Түркі халқы ақылды келді дейді ғалым. Түркілер істің адамы. Түркілер ақылы олардың адам мүддесін жоғары қоймастан, адамзат тіршілігін әспеттеп, болашақты қамдаудан деп санады ғалым хикаяттарында.

Түркілер адамзаттың барлық кереметтері мен жетістіктерін құшағына алып, әспеттеуі олардың әдебиетінде, поэзиясында, фольклорында көрініс тапқанынын зерттеуші-ғалым оның дәлелін «Түркістандық тірек» циклдық мақалалрына арқау етті. Бұл цикл «Қорқыт: «Әлем – менікі» дейтін мақтаншақтар қайда?», «Қайырымды қала Фараб», «Алыммен араласқан жасыл қала – Қашғари плюаризмі?», «Баласағұн: шектеуді білмейтін екі айбынды әкім: жақсы сөз және игі іс!»,  «Хорезм үшін Арқан Күдердің мәні? неде», «Елді қалай гүлдендіруге болады?  Сайф Сараидің түркілік нұсқасы» аталатын мақалалардан тұрды.

Ғалым Қорқыт ата күйінен әлемді бағындырған күш пен рухты көрсе, қайырымды қалада туған Фараби ғұламаның өмірінен сыр шертіп, Шығыс грек ойшыларын Еуропа үшін сақтаса, Еуропа елдері оның ғасырлар бойы естен  шығарған деген ойын айтады. Мұсылмандық шығыс Батыс идеяларын дамытты, адамзатқа қайтарды. Түркі тілдерінің энциклопедиясын жасап кеткен Махмұт Қашғариді түркі әлемінің ғұламасына теңейді. Жүсіп Баласағұн адамзатқа «Құдатғу білікті» сыйға тартты. Орхон-Енисей жазбалары жайлы сөз етілген поэманың құны өлшемсіз. Міне, ғалым осы түркі тілі жазбасына жаңа бағыт әкелген еңбекке баға береді. Араб графкиасының дамығанына қарамастан түркі мәдениеті беріле қоймады дейді ол. Поэма түркі ғұламаларының өзіндік болмысы мен көпғасырлық дәстүрін сақтай отырып, кез-келген тілде туынды жаза алатына, жаңа дәуір мәдениетіне ене алатынына  куә.

Хорезмидің туындысы, шығыстың махаббат жыры саналатын «Махаббат-наме»  поэмасын – ғылым, дін, еркін ойлаудың, поэзия, астрономия, географиялық танымның, қала өмірі, сән, халықтар мен нәсілдер теңдігінің синтезі деп санады ғалым.

Шығыс  поэзиясының жарқын өкілі – Сайф Сараидың «Түркілер гүлстаны»  еңбегін әділдік, адалдық, рахымшылық, гуманизм, сыпайылық, қанағатшылықты паш етеді деп жазды тарихшы. Шығыс мәдениетін байытқан, шығыс ренессансын дүниеге әкелген еңбектерден терең философия, адамгершілік әліпбиін іздеген зерттеуші өзі де таңдана, өзгені де таң қалдырарлық көсемсөзбен шежіреледі. Еңбектер бүгінгі күні, ақпарат пен технология дамып, қарыштап қадам басып келе жатқан дәуірде де құнын жоймады. Сонау түркі әлемінен жеткен көне шежіреге жаңа дем, жаңа рух берген дүниелер. Сондықтан М. Барманқұловты түркі әлемінің заманауи жаршысы, адамзат құндылықтарынан құралған түркілік арманның  жоқшысы деуге болады.

Орта ғасырдағы түркілер қалай, қайтіп өмір сүргені ғалымның келесі топтамасына арқау болды. Ол «Түркілер ғұламасы және әлем ақылы» деген цикл. «Қытай-түрік», «Ғұндар мен түркілер қағанаты», «Византия және түркілер», «Үндістан және көне түркілер», «Шыңғысхан империясы және түркілер», «Ресей және түркілер», «Израиль және түркілер», «Корея және түркілер», «Сеулден Стамбулға», «Франция және түркілер», «Грекия және түркілер», «Испания және түркілер», «Дания және түркілер», «Жапония және түркілер», «Италия және түркілер», «Хазарлар және булгарлар», «Венгрия және ғұндар», «Литва және ноғайлар», «Египет және мамлүктер», «Иран және эламиттер», «Англия және сақтар», «АҚШ және қазақтар», «Квадродіндер», «Заростризм және түркілер», «Буддизм және түркілер», «Манизейлік және ұйғырлар», «Мұсылмандық және түркілер», «Суфизм және түркілер», «Христаиндық және кирейіттер», «Католицизм және қыпшақтар», «Квадроқазақтар»  аталатын еңбектердің барлығында ғалым түркі әлемінің озы ойларын іздестіреді. Ол түркілерді әлемнің бір бөлшегі деп қарастырады. Адамзат құрған өркениетке түркі мәденеиті, діні, әдебиеті қосқан қолатңбаны іздейді. Асылдың сынығын алыптардан, ғайыптардан іздейді. Сондықтан да ғалым-ұстаз Марат ағаның әлемі – бұл әлеммен егіз. Ол өмірінің соңғы жылдары түркітану ғылымына өндіре де, өсіре еңбек етті. Бұл бағыттағы зерттеуге журналистік көзқараспен, көсемсөздік стильмен түрен салды. Әрбір еңбегінде өз ұлтына, өз халқына деген қамқорлық пен ізгілікті өсиет етіп кетті.

Квадромемлекетте әр халық жалпыға ортақ бір басымдықты ұстанады. Оның басты жетістігі де сол бұл бәрін бірдей, бәріне ортақ. Ең озығы, ең асылы, ең прогрессивті дүнросы ортақты құрайды дейді көреген ғалым. Бірде бір халық басқыншы болмауы керек. Тек қана ең үздік сапа ғана басымдықта болса жеткені. Бір халықтың емес, бүкіл халықтың ең озық ойы, ең биік арманы бірігіп басым болуы керек деп кетті.

Квадронация моделі әлі де қалыптаспады. Ол назарға ілінбеді. Футурологтар оны ескермеді. Дегенмен оған әруақыт орын табылды. Тек түріктерде ғана емес. Бүкіл әлемде. Ғасырлар ғана бұған үн қосты. Және бұл дәл қазір орындалуы мүмкін деп санады ғалым. Кім білсін, ғалым болжағандай ХХІ ғасыр ғаламда квадронация,  квадромемлекет ғасыры болар ма? Мультимәдениетті, көпұлтты елдердің мүдделес болуы, бірін-бірі дамыта, бірін-бірі байыта түсуі тек ғалым айтып кеткен болжамдар болмай уақыттың еншісінде болғай.

Әдебиеттер:

  1. Возжигая пречистые огни… –Алматы: БИС, 2004. – С. 28-29.
  2. Барманкулов М. Хрустальная мечта тюрков о квадронации. – Алматы: ОФ БИС, 1999. – 416 с.   

Пікір жазу »


Answer My Question

CLOSE

Your question has been sent!

Please fill out the form below.

Name *
Email *
URL-мекенжайы (include http://)
Сюжеті *
Question *
* Required Field